2024 жылғы 1 сәуірден 2024 жылғы 30 сәуірге дейін «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдау жүргізеді:
- университет қызметін реттейтін құқықтық актілерде және ішкі құжаттарда,
- ұйымдастыру-басқару қызметінде.
Университеттің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар оларда мынадай сыбайлас жемқорлық нормаларының болуына тексерілетін болады:
- құқықтық алшақтық;
- құқықтық актілер мен ішкі құжаттар ережелерінің қайшылығы;
- заңдық-лингвистикалық белгісіздік;
- дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі;
- лауазымды адамдар міндетінің орнына құқық белгілеу;
- адамға тиесілі құқықты іске асыру үшін қойылатын жоғары талаптар;
- артық әкімшілік кедергілердің болуы;
- функцияларды, міндеттерді, құқықтар мен жауапкершілікті тиісінше айқындамау.
Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтиды:
- персоналды басқару;
- мүдделер қақтығысын реттеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету;
- рұқсат беру функцияларын іске асыру;
- бақылау функцияларын іске асыру;
- талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.