14 наурыз күні Инновациялық технологиялар колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуына
20 жыл» атты кездесу өтті. Кездесуге Колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.
ҚарМТУ кітапханасы арнайы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қауіпті дерт» көрмесі көрсетілді. Көрмеге «Жемқорлықсыз Қазақстан» газеті мен осы тақырыпта қалам тербеген бірнеше авторлардың еңбектері қойылды. Көрмемен қысқаша оқытушы – А.Б.Рахымжанова таныстырып өтті. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптарын ашып көрсететін видеороликтер көрсетілді.
Сондай-ақ, кездесуде колледжіміздің оқытушысы Д.М.Үмбетов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар» атты презентациясын қорғады.
Студенттерге жеткілікті түрде ақпараттар берілді.