Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел»


4.12.2024 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы отбасының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Қарағанды техникалық университетінде қазіргі қоғамның маңызды тақырыптарының бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға 1-3 курс студенттері қатысты, ал ұйымдастырушы — «Саналы ұрпақ» студенттік клубы.

Іс-шараның мақсаты:
Жастардың сыбайлас жемқорлық мәселесіне саналы көзқарасын қалыптастыру және адалдық, әділдік пен адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеудегі отбасының маңызды рөлін атап көрсету.

Дөңгелек үстел аясында қатысушылар келесі тақырыптарды талқылады:
🔹 Отбасылық құндылықтардың адамның дүниетанымына әсері;
🔹 Адалдық мәдениетін балалық шақтан бастап тәрбиелеудің маңыздылығы;
🔹 Сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам құрудағы жастардың рөлі.
Кездесу мазмұнды әрі қызықты өтті. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойып, пікірталасқа белсене қатысты. «Саналы ұрпақ» клубы жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және адалдық қағидаттарын насихаттау бағытында жұмысын жалғастыруда.

Без рубрики