«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Құжаттарды белгіленген мерзімде мына мекенжайға тапсыру қажет: 100000, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56, бас корпус, 235-каб., телефондар: 8 (7212) 56-75-96, +77022018654.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл немесе комплаенс саласында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша арнайы даярлығы және ұйым қызметінің бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы.
Төмендегі тұлғалар конкурсқа қатыса алмайды:
- жиырма бес жасқа толмаған;
- бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық жасаған;
- соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
- медициналық арнаулы мекемелерде есепте тұрған;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды қағаз немесе электрондық тасығышта ұсынады:
- еркін нысандағы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
- қызметтік тізім;
- білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі немесе электрондық үзінді көшірме;
- мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- мемлекеттік қызмет көрсету туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- азаматтарға арналған электрондық үкімет порталынан (ХҚКО, Egov.kz портал және т. б.) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама);
- азаматтарға арналған электрондық үкімет порталынан (ХҚКО, Egov.kz портал және т. б.) сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама).
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде жүргізіледі.