«Summer Science School» жазғы лагерінің қатысушылары Жерді қашықтықтан зондтау негіздерімен танысты


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында «Summer Science School» жазғы лагерінің алтыншы күні өтті.

Ол Жерді қашықтықтан зондтау негіздеріне арналды. Оқушылар «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының пәндік аудиторияларымен және оқу-ғылыми зертханаларымен танысты.

Таныстыру дәрісін PhD докторы Ожигин Д.С. өткізді. Күні бойы оқушылар «Лазерлік сканерлеу орталығымен», «BIM-технологиялар және маркшейдерлік-геодезиялық процестерді цифрландыру халықаралық орталығымен», «Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі перспективалы бағыттар» орталығымен танысты. Практикалық сабақтарда оқушыларға ұшқышсыз ұшу аппараттарын іске қосуды және оларды ұшу кезінде басқаруды үйретті.

Без рубрики