«Summer Science School» жазғы лагерінің қатысушылары инженерлік графика және графикалық дизайн негіздеріне қатыстырылды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында жұмыс істейтін «Summer Science School» жазғы лагерінің үшінші күні инженерлік графика және графикалық дизайн негіздеріне арналды. Оқушыларды «Сәулет және дизайн» шығарушы кафедрасымен таныстырды, кафедраның пәндік аудиториялары, сәулет жобаларының көрмесі бойынша экскурсия өткізді.

Дизайн және инженерлік графика негіздері бойынша дәрістер курсын тыңдап, оқушылар практикалық сабақтарға кірісті.

Шығармашылық жұмыстар аяқталғаннан кейін оқушыларға дизайнерлік макеттер түрінде естелік сыйлықтар табыс етілді.

Без рубрики