Су нысандары жағалауларын қоқыстан тазалау-экологиялық акциясы


Жас жеткіншектерге, әсіресе студент жастарға дұрыс тәрбие берудің қатарына олардың жүрген, тұрған жерлеріне жинастыру жұмыстарын жүргізіп, оны ұдайы таза ұстауға қатысты экологиялық тәрбиені жатқызуға болады.

Осы мақсатта өткен сенбі – 17 сәуір күні «Кеніштік аэрология  және еңбек қорғау» кафедрасы студенттерінің күшімен қаламыздағы  оңтүстік-шығыс ауданда орналасқан «Федоровка» су қоймасының жағалауына тазалық жұмыстары жүргізіліп, қыс бойы шашылып қалған қоқыстар мен пластик ыдыстар жиналыстырылды.

Тазалық денсаулық кепілі екенін ескерер болсақ, ол тек қана адамдар үшін ғана емес, табиғат үшін де аса маңызды екенін есте ұстағанымыз дұрыс.

Без рубрики