«Студенттік ортадағы этносаралық жанжалдардың алдын алу»


Осы атаумен Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттік топтардың кураторлары үшін біліктілікті арттыру курстары басталды. Олар 15-28 мамыр аралығында өтеді.

Дәріскерлер құрамы PhD кафедра меңгерушісі Динара Шорманбаеваның жетекшілігімен «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік — гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары қатарынан ұсынылды. Сабақтар дәрістік және тренингтік оқыту түрінде өтеді. Курстар студенттік ортадағы этносаралық жанжалдардың алдын алуды институционалдық реттеу жолдарын түсіндіру мақсатында өткізіледі.

«Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат» атты алғашқы дәрістік кездесуді ф.ғ.м., аға оқытушы Руфина Шарипова өткізді. Онда мемлекеттік саясат, оның басымдықтары мен перспективалық міндеттері сияқты мәселелер зерделенді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің қызметі қаралды.

Кездесу форматы нәтижелі жұмысқа тартты. Алда курс тыңдаушыларын университеттің оқу-тәрбие процесінде қолданылатын пайдалы және қызықты ақпарат күтіп тұр.

Без рубрики