Студенттік бизнес-жобалар байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!


2023 жылдың 27 қазанында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінде студенттік бизнес жобалар байқауы өтті. Конкурсқа қатысуға 32 өтінім берілді, оның ішінде 23-і Сараптамалық кеңес отырысында қарауға іріктелді. Байқау жұмыстарын қарап, қатысушылардың баяндамаларын тыңдаған Сараптамалық кеңес мүшелері келесі дипломдармен марапаттады:

Бірінші дәрежелі диплом:

«MiningMerch-ЖОО жеке бренді», жобаның авторлары ГДМ-22-2, ГД-20-6 топтарының студенттері Решетняков Эдвард Дмитриевич, Белгібаев Қайрат Игібайұлы, Жұмажан Гүлім, жоба жетекшісі – ПҚКБ каф. меңг. Имашев А.Ж.

Екінші дәрежелі диплом:

«TripTune туристік стартапы», жобаның авторлары ИС-20-3 тобының студенттері Читян Д.К. Капралов С.А., Қохан А.Т., Бербенцев Н.С., жоба жетекшісі – АЕЖ каф. аға оқытушысы Мутовина Н.В.

Үшінші дәрежелі диплом:

«ALAM», жоба авторы – СИБ-21-3 тобының студентері Нұриден Мұқтар Нәбиұлы, Нұржігітова Елдана Ерланқызы, Нұрбекова Аружан, Мархаматова Насима Мархаматқызы, жоба жетекшісі – АТҚ каф. аға оқытушысы Абдин А.Ж.

Без рубрики