Тіпті қысқы демалыс кезінде де Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері жаттығуын тоқтатпады. Әрине, жарыстарға қатысудан да бас тартпады.
Дәл осы кезеңде, 2023 жылдың 12-17 қаңтары аралығында С-22-3 тобының студенті Мацымоха Илларион КСРО-ның акробатика бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.И. Ямпольскийді еске алуға арналған спорттық акробатика бойынша халықаралық турнирге қатысты.
Турнир Петропавл қаласында өтіп, оған төрт елдің өкілдері қатысты: Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан.
Өте сұсты қарсыластармен бәсекелесуге тура келгеніне қарамастан, Илларион Ресейден келген спортшыдан сәл ғана жеңіліп, 2-ші орынға ие болды.
Қазіргі уақытта Мацимоха И. 20 ақпанда Алматы қаласында басталатын Қазақстан чемпионатына дайындалуда.
Илларионды табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз және оған жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!