Студенттердің Қарағанды қаласы ЖПҚ Орталық ПБ өкілімен кездесуі


2021 жылдың 26 қарашасында «Студенттер үйі» жатақханасында тұрып жатқан ҚарТУ-дың 1-курс студенттерімен Қарағанды қаласы Орталық ПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Шохабаев Жасұлан Сержанұлымен  «Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу»  тақырыбы төңірегінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді (30 адам). Студенттерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434, 440, 441 баптары түсіндірілді. Сондай-ақ студенттерге қазіргі кездегі интернет арқылы жасалатын алаяқтық туралы айтылды. Кейбір тез ақша рәсімдейтін ұйымдар ақшаны артық рәсімдеп, алаяқтықпен айналысып жатқанын ескертіп, студенттерге абай болуларын айтты.

Студенттер белсенді сұрақтар қойып, оларға нақты және толыққанды жауаптар алды.

Без рубрики