Студенттер Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан төртінші онжылдықта» өңірлік жастар форумына қатысты


26 қазанда студенттер Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан төртінші онжылдықта» өңірлік жастар форумына қатысты.

Форумға қатысушылар – белсенді студенттер, еріктілер, жас кәсіпкерлер және түрлі сала өкілдері пікір алмасты, тәуелсіздікке қол жеткізу кезеңдері, басты жетістіктер мен қиындықтарын  еске салып, мемлекет үшін егемендіктің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның шақырылған қонақтары жиналғандарға өз жетістіктерінің тарихы туралы айтып, студенттерді жаңа шыңдарды бағындыруға, табандылықпен оқуға және өз күш-жігерін ел игілігі үшін арнауға ынталандырды, кездесу соңында өткен позитивті кездесу ушін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Без рубрики