Студенттер КарЛаг Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында болды


2024 жылдың 28 мамырында «Байланыс жүйелерінің технологиялары» кафедрасы оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу және БЖТ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерінің мәдени өмірін жақсарту мақсатында КарЛаг саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды. Экскурсияға «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» (РЭТ-23-1 және РЭТ-23-2 топтары) білім беру бағдарламасының 7 оқытушысы мен 25 1 курс студенттері қатысты. Экскурсия барысында мұражай қызметкерлері тарихи мағлұматтар беріп, сол кездегі иллюстрацияларды көрсетті, ал студенттер мен оқытушылар құрамы мұражайда сақталған тарихи құжаттармен таныса алды.

Естеріңізге сала кетейік, Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы 2002 жылы құрылған. Мұражайға Долинкадағы дәрігерлік амбулатория ғимаратының бір бөлігі (бұрынғы Карлаг нысаны – азаматтық қызметкерлерге арналған емхана) бөлінді. 2010 жылдан бері ол бұрынғы Карлаг НКВД штабының ғимаратында орналасқан. Көрменің ауданы 2078,645 шаршы метрді құрайды, мұражай қорында көптеген экспонаттар бар: карталар, фотосуреттер, құжаттар, картиналар, кітаптар, Карлаг тұтқындарының жеке заттары.

Без рубрики