2022 жылдың 20 сәуірінде «Студенттер үйі» жатақханасында тұрып жатқан Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 1-курс студенттері мен Инженерлік экономика және менеджмент факультетінің ҚХА және ӘГП кафедрасының аға оқытушылары, заң ғылымдарының магистрі — Жуматова Гульзат Мухаметкаримовна, заң ғылымдарының магистрі Абдрахманова Ардак Аманбековнаның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті (100 адам).
Дөңгелек үстел барысында студенттер Сыбайлас жемқорлықтың себептерімен, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен танысты.