2023 жылдың 13 сәуірінде «Студенттер үйі» жатақханасында тұрып жатқан Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 1-курс студенттері мен Инженерлік экономика және менеджмент факультетінің ҚХА және ӘГП кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі – Саткенов Ақылбек Саткенұлының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті (100 адам).
Дөңгелек үстел барысында студенттер Сыбайлас жемқорлық туралы ұғыммен, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңдарымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сана қалыптастырумен, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.