Студенттерге қызмет көрсету орталығының мақсаты: студенттік қоғамдастықпен жан–жақты өзара іс-қимылды барынша жақсарту, «университет – білім алушы» өзара іс-қимыл жүйесіндегі қызмет көрсету кезіндегі қайталанатын бюрократиялық кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою. студенттер контингентін статистикалық есепке алу және мониторингілеу, оның қозғалысын бақылау, жеке істерін жүргізу және білім алушылар бойынша ақпаратты уақтылы ұсыну.
Студенттерге қызмет көрсету орталығының негізгі мақсаты:
- талапкерлердің университеттің қабылдау комиссиясынан алынған жеке істерін қабылдау, оларды жүргізу, университетте оқудың барлық кезеңінде сақтау;
- университет АЖЖ, ЕПВО, Қаржы орталығы базасында студенттердің жеке деректерін және қозғалысын есепке алу;
- 3 НК нысаны бойынша жыл сайынғы статистикалық есепті дайындау және жасау;
- студенттер контингентін және оның қозғалысын ай сайын, тоқсан сайын есепке алу;
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бос орындарға орналасуға студенттердің құжаттарын дайындау;
- басқа ЖЖОКБҰ-дан ауыстырылған және қайта қабылданған білім алушылардың құжаттарын алуға жазбаша сұрау салуды ресімдеу;
- басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылған және қайта қабылданған білім алушылардың құжаттарын жіберу;
- білім алушылар жөнінде әр түрлі ақпарат мәселелері бойынша ҚР ҒЖБМ, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да ұйымдармен хат алмасу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдардың телнұсқаларын беру; Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру; Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерге тегін тамақ беру; КарТУ-да білім алғандардың транскрипті; КарТУ-да білім алушылардың транскрипті; Академиялық демалыс беру және оны ұзарту; Академиялық демалыстан оралу; Ауыстыру және қайта қабылдау (басқа ЖОО-ға, КарТУ-ға, білім алушылар қатарына); ЖОО ішіндегі ауыстыру; Өз қалауы бойынша оқудан шығару; Дербес деректерді өзгерту; Оқу орнынан анықтама беру; Жоғалған кезде кілт-картаны қалпына келтіру; Басқа ЖОО-дан қайта қабылдау және ауыстыру кезінде кілт-карта алу.
- көрсетілетін қызметтердің сапасы, қолжетімділігі, ашықтығы, ұдайы жетілдірілуі, келіп түскен өтінімдерді уақтылы өңдеу, білім алушыларға, ПОҚ және қызметкерлерге ақпараттық-консультациялық көмек көрсету.
|
Дуганова Гүлден Қанатқызы – студенттерге қызмет көрсету орталығының басшысы. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері» мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының магистрі. 2002 жылдан бастап ОӘБ маманы. 2013 жылдан бастап студенттер бөлімінің басшысы. 2024 жылдың қазан айынан бастап СҚКО басшысы. |
|
Ғабайдулина Татьяна Иосифовна — Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Есеп және аудит»мамандығы бойынша бітірген. Университетте 2009 жылдан 2017 жылға дейін бухгалтер болып жұмыс істеді. 2017 жылдан 2024 жылға дейін ЦОС басшысы. 2024 жылдың қазан айынан бастап басшының орынбасары. |
|
Макарова Елена Викторовна – Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құжаттандыру және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылдан бастап статистик болып қызмет істейді. |
|
Акумова Сәуле Хасенқызы –Еңбек Қызыл Ту ордені Қарағанды политехникалық институтын «Ақпараттық өлшеу техникасы» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылдан бастап ФСО әдіскері. 2021 жылдан бастап статистик болып жұмыс істейді. |
|
Кулмаганбетова Алмагуль Канатқызы – Қазақстан-Ресей университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылдан 2015 жылға дейін БТБ-да клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап инспектор болып жұмыс істейді. |
|
Сейдіғали Толғанай Жанқабылқызы — Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. 2021 жылдың қазан айынан бастап инспектор болып жұмыс істейді. |
|
Есбатыр Аружан Әшімханқызы – Академик А.С. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетін «Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі» мамандығы бойынша бітірген. 2023 жылдан бастап ресепшионист — оператор болып жұмыс істейді. |
|
Кенжебекова Сұлушаш Серікбайқызы – Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылдан бастап әдіскер болып жұмыс істейді. |
|
Еркімбаева Аман Алипбайқызы – Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2023 жылдан бастап ресепшионист — оператор болып жұмыс істейді. |
|
Текенова Гүлмира Метиевна — Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылдан бастап ҚОФ аға инспекторы, 2024 жылғы қазаннан СҚО аға инспекторы. 2024 жылғы қарашадан бастап СҚО-да ресепшионист-операторы. |
|
Мухашева Динара Сапарғалыевна — Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылдан бастап ҚОФ инспекторы, 2024 жылғы қазаннан СҚО инспекторы . |
|
Джанасбаева Толганай Лефортовна – Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылдан бастап ИЭМФ хатшысы, 2023 жылдан СҚО маманы. 2024 жылдан бастап СҚО әдіскері болып жұмыс істейді. |
|
Хабдуалиева Алма Нуроллакызы – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2024 жылдан бастап СҚО маманы болып жұмыс істейді. |