«Қазақстанның Сакралды географиясы» тақырыбындағы студенттердің викториналық ойыны


«Технологиялық машиналар, жабдықтар және стандарттау» кафедрасында  СТ-16-1 тобының студенттері арасында 2019 жылдың 30 қазан айында «Қазақстанның Сакралды географиясы» тақырыбында викторина ойыны өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары кафедраның аға оқытушылары Имашева К.И., Жунуспеков Д.С., Карсакова Н.Ж.

Іс-шара «Рухани Жаңғыру» жобасы шеңберінде өткізілді. «Сакралды география»- адамның рухани дамуы оның туған жері,тарихы, мәдениетімен байланысы арқылы негізделеді. Олар адамның өмірі үшін бағдар болып табылады. Осындай бағдардың қатарына ұлттың мәдениетіміздің байлығы және  жеке тұлғалардың қажылық орындарын мәңгілік еткен ұлы бабаларымыздың ерліктерін қосуға болады. Осындай орындарды білуіміз көп нәрсені  үйренуімізге және олардан өмірлік күшімізге керекті нәрселерді алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Сакралды географияның құрылуы адамның рухани байытуын ғана шешпейді сонымен бірге тарихымыз, мәдениетімізбен дәстүріміздің байлығын белгілеуге болады.

Викторина үш турдан өтті. Бірінші тур үй тапсырмасын қорғау болды, тақырыбы: «Қазақстанның бір облысының Қасиетті географиясы». Екінші тур блиц сауалнама. Үшінші тур Қазақстанның атақты қасиетті жерлерін фото сурет арқылы тану. Викторинаның төрешілер тобы  келесі аталымдар бойнша марапаттады: «Үздік үй тапсырмасы», «Ең үздік тату команда», «Эрудит». Викторина нәтижесі бойынша студенттер Қазақстанның атақты жерлері туралы көптеген ақпараттарды білді. Бұл тақырып студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Берілген ақпаратты білген соң, студенттер Қазақстан тарихи мұраға бай оны біздің елдің әрбір азаматы қастерлеуі және мақтан тұтуы тиіс деген тұжырымға келді. Жастар біздің елдің тарихын білуі, сақтауы және болашақ ұрпаққа мұра етіп табыстауы тиіс.

 

Без рубрики