06.12.2024 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің факультеттер арасында бірінші курс студенттер таланттар байқауы — STU Talents 2024 өтті.
Дарынды да талантты студенттер байқау барысында бар өнерлерін ортаға салды. Іс-шара өте қызықты әрі тартысты өтті, келген көрерменге ерекше эмоция сыйлады.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің инновациялық технологиялар колледжі жүлделі 3 орын, 60.000 тг көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар “Үздік аспаптық нөмір” номинациясын жеңіп алды.
Ерекше қолдау білдірген колледжіміздің директоры Нурбиби Абсадыковнаға алғысымызды білдіреміз!
Ұжымның атынан колледжіміздің намысын қорғаған студенттерімізге мың алғыс!!! Шын жүректен құттықтай отыра, сіздерге болашақтарыңыз жарқын, алар асу, бағындырар белестеріңіз көп болсын дегіміз келеді.