«STU Sultany men Suluy»


2024 жылдың 3 мамырында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ облыстық драма театрында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері арасында «STU Sultany men Suluy» сұлулық және таланттар байқауы өтті.

14 қатысушы бір ай ішінде байқауға мұқият дайындалып, келесі кезеңдерде өнер көрсетті: бейне визитка, ұлттық киімдерден дефиле, зияткерлік және шығармашылық байқау. Қатысушыларды беделді мәдениет өнер қайраткерлері құрамындағы қазылар алқасы бағалады.

Байқауға «Серпін-2050» бағдарламасымен білім алып жатқан СИБ-23-2 тобының студенті Бадай Шұғыла да қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша Бадай Шұғыла  «STU Suluy» жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, көрермендердің онлайн-дауыс беруінің қорытындысы бойынша Бадай Шұғыла «Көрермендер көзайымы» номинациясына ие болды. Шұғыланы жеңісімен құттықтаймыз!

Без рубрики