В летний период на 34 предприятиях Республики Казахстан было трудоустроено 304 студента КарГТУ, занятых в ССО «Политехник». Из них — ИАС -70 студентов на 24 предприятиях, ИМ — 68 студентов на 18 предприятиях, ИТЭА — 40 студентов на 12 предприятиях, ГИ-51 студент на 19 предприятиях, ВТИ- 53 студента на 6 предприятиях, ТДИ-11 студентов на 5 предприятиях, ИКТС-7 студентов на 4 предприятиях, ИЭ-4 студента на 4 предприятиях.
ҚарМТУ Студенттер құрылыс отряды туралы ережелер
1. Жалпы ережелер
1.1. Студенттер құрылыс отряды (бұдан былай СҚО)ҚарМТУ жанында құрылады. Өз қызсетінде оқу орынның басшылығымен бекітілген осы Ережемен нұсқау етіп қолданады.
1.2. СҚО заңды тұлға емес.
1.3. СҚО өз атрибутикасына ие бола алады-логотип, фирмалық киім-кешек.
2. Мақсаты мен міндеттері.
2.1 СҚО-ның басты мақсаты-студент жастарының жұмыс бастылығын басқару, оқу процесінен бос уақытта, сонымен қатар демалыс уақыты кезінде;
2.2 Еңбек шарты бойынша аймақтардың, жолдардың, “Тапсырысшының” ғимарат немесе объектінің құрылысын және көркейтуін ұйымдастыру;
2.3 Отан сүю, азматтық сезімін қалыптастыру;
2.4 салауатты өмір салттарын насихаттау.
3.Ұйымдық құрылым.
3.1 СҚО-ның басқаратын және үйлестіретін мүшесі оқу орындағы СҚО штабы (бұдан былай Штаб) болып табылады. Штаб құрамына СҚО штабының жетекшісі, СҚО командирлері, мүшелері кіреді;
3.2 Штаб жұмысын оқу орынның басшылығы – тәрбиелік жұмысы бойынша проректор үйлестіреді;
3.3 СҚО штабы СҚО жасақтарының жұмыстарын тікелей басқарып, үйлестіреді.
3.4 Жасақ жұмысына тікелей қатысқанғ СҚО штабының жұмысы аяқталғанда жұмыс берушілерден алғысқа ие болған штаб жетекшілеріне алғыс пен сыйақы беріледі.
4. СҚО командирі.
4.1 Командир оқу орынның басшылығымен тағайындалып, басшылық алдында Жоғары оқу орнымен Жарғы мен осы Ережемен ескерілген жасақтың өндірістік қызметіне дербестендірілген жауапкершілік көтеріп, жасақтағы моральдық-психологиялық ахуалы мен жасақ мүшелерімен өз қызметтерін орындауға жауапты болады. Еңбекті семестрден кейін орындалған жұмыс бойынша есеп береді.
4. 2 Командирдің:
-СҚО Штабының атынан сөз айтып, өз құзырет шегіндегі бүкіл қажетті материалдық-техникалық және каржы құжаттарға қол қоюға;
-СҚО жауынгерлеріне міндетті жарлық шығару құқығы бар.
4.3 Командир:
-Тапсырыс берушімен қызметтестік туралы шартты құрып, жасау;
-СҚО жауынгерлерімен жасақтың мақсаты мен міндеттері, қауіпсіздік техникасы, орналасу жердегі тіртіп ережелері жөнінде әңгіме өткізу;
-СҚО жауынгерлері медициналық қараудан өтуді қамтамасыз ету;
-орналасу жері бойынша СҚО жауынгерлерін бригадаларға бөлу;
-СҚО жауынгерлерінен бригадир тағайындау;
-жұмыс мезгілі кезінде СҚО жауынгерлері арасында азаматтық сезімі және Қазақстанға патриоттық сезімді қалыптастыру үшін тәрбиелік жұмыс жүргізу;
-бақылау, еңбек, тамақ, тұру жағдайларын, медициналық қарауды жақсартуға шаралар қолдану, жасақ мүшелерімен, тапсырыс берушімен еңбектің қауіпсіздік ережелерін орындалуын қадағалау;
-бақылау және СҚО жауынгерлерімен әр жауынгермен жеке жауапкершілікпен жұмыс орындағы, тұрмыста көпшілік қабылдаған ережелерді ұстану, тапсырыс берушінің жұмыскерлері мен жасақ жауынгерлерінің арасындағы, сонымен қатар жергілікті халықпен қарым-қатынас туралы, айырықша оқиғаларға арналған спорт, мәдениеттік шараларды өткізу;
-әр СҚО жауынгерінің жұмыстағы еңбекке қатысудың коэффициенттін бақылауға міндетті.
5. Бригадир.
5.1 СҚО жасағының Командирімен тағайындалып, СҚО Штабымен үйлестіріледі.
5.2. Бригадирдің:
-кадрлар іріктеп алу мен жасақ құруға;
-өз құзырет шегінде бұйрық беруге құқығы бар.
5.3. Бригадир:
-тәртіпті жауынгер болуға;
-орындалған жұмыстың сапасын бақылауға;
-өзіне бағынышты бригаданың өндірістік қызметін бақылапғ үйлестіруге;
-пайдаланған материалдаржәне т.б. туралы есеп беруге;
-СҚО Штабының басшылығы, СҚО командирі, Тапсырыс берушінің басшылығы берген бұрықтардың СҚО жауынгерлерімен орындалуын қадағалау;
-күнде әр СҚО жауынгердің еңбекке қатысу коэффициентін мастермен құруға;
-мастер мен СҚО командиріне бүкіл еңбек және ішкі тәртіп бұзулар туралы есеп беруге;
-бағынушылар мен басшылардың арасындағы өзара түсінушілікке болысып, жағдай жасауға міндетті.
6. СҚО жасағының жауынгері.
6.1 Жасақ қауынгері- СҚО-да жұмыс істеуге ерікті ынтасын білдірген студент жастарының өкілі.
6.2. Жасақ жауынгері жеке шарт негізінде еңбек қызметін жүзеге асырып, ішкі тәртіпке бағынып, бригадир басшылығымен өзіне тапсырылған жұмысты орындау керек.
6.3. СҚО жасағының жауынгері:
-сессияны сәтті аяқтауға;
-медициналық қарау мен жоғары оқу орны мен жұмыс орны бойынша техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өту;
-жұмыс берушімен жеке шарт оқып, жасау;
-өнеркәсіптің игілігіне адал және сапалы түрде жұмыс істеу;
-өз университетінің, жасағының абыройын жоғары сақтау;
-бүкіл спорт және мәдениеттік шараларға қатысуға;
— өзіне, жасақ жауынгерін, қауіпсіздік техникасын, Тапсырыс беруші берген жабдық пен құрылымның сақталуын қадағалау.
6.4. Жауынгердің жұмыс орнында, тұрмыста мастық халде болуға, еліткіш заттар қолдануға, қоғамға қарсы мінез-құлық, азған тұрмыс дәстүрін жүргізуге болмайды.
6.5 Еңбек тәртібін бір рет бұзғаны үшін СҚО жауынгері жалақының 50%-нан айырылып, СҚО қатарынан шығарылады.
6.6 СҚО жауынгері кесірінен оған берілген жабдық және құрылымның жоғалуына және сынуына байланысты ол келтірілген зиянды өтеу керек.
6.7 2, 3,4,5,6 пункттерін бұзғаны үшін СҚО жауынгері басқарудың жазалау шараларына тартылады, ата-ана, туыстарына хабарлап, жоғары оқу орнынан шығаруына шейін.
6.8 Еңбек семестрын бастау алдында жауынгер-студент СҚО штабында өтінішін институт директоры (директор міндетін атқарушы) және кафедра жетекші визасымен тіркейді.
6.9 Жауынгер орындаған жұмыс кезінде өндірістік тіжірибенің материалдарын кафедрадағы келешек есеп берумен жинайды.
6.10 Жұмыс берушілерден алғыс хаттарға ие болған бүкіл студенттер мен жасақтарға ҚарМТУ атынан алғыс пен ақшалай сыйақы беріледі. СҚО-2012 мезгілі біткен соң, жасақ жетекшілеріне және штаб жұмыскерлеріне алғыс пен сыйақы беріледі.
6.11 «СҚО Политех 2012»құрамында еңбек семестріне қатысқан студентке еңбек тәжірибесі өтілді деп есепке алынады.
7. Еңбекақы шарттары мен тәртіп.
7.1Жұмыс беруші СҚО штабымен үйлестіріп жауынгерлердің жұмыс тәртібін белгілейді.
7.2 Күнделікті жұмыс кезінде жауынгерге демалу мен тамақтануға үзіліс беріледі.
7.3 СҚО жауынгері өз жұмысы үшін еңбекақы мөлшерін жақтардың орнатылған келісіммен, қызметтестік жайлы шартқа байланысты алады.
7.4 СҚо жауынгеріне еңбекақы еңбек қатысу коэффициентіне байланысты есептеледі.
7.5 Еңбекақы еңбек семестрінің аяғында, жұмыс орны бойынша төленеді.
2010 жылы Студенттер Құрылыс Отрядына 10 болды, ССРО кезінен 51 жыл болды. Астана қаласында, Гумилев атындағы университетте өткен СҚО-ның бірінші Республикалық слетінен кейін барлық Жоғары оқу орындарының алдында Қазақстанда СҚО жұмысын қайта бастау мәселесі қойылды. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың студент құрылыс отрядтарын қайта бастау үндеуіне байланысты 2000 жылдан бастап ҚарМТУ Республика бойынша саны 500 адам болатындай алғашқыларының бірі болып, құрылыс отрядын құрады. СҚО «Политехник» орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша Қарағанды облысында дәстүрлі түрде бірінші орын алады. СҚО «Политехник» әлденеше рет өзінің тәрбиелік және еңбек тиімділігін дәлелдеді. СҚО пайда болу кезінен жауынгерлерімен мемлекетке мың шамасында стратегиялық маңызы бар, өндірістік және мәдени-тұрмыстық объектілер салынды. Көптеген құрылыс объектілеріне «Сапа белгісі» атағы берілді. Университетте 150 адамы бар “Жасыл ел” атты студенттік экологиялық жасақ жұмыс істейді. Ол Университет пен қаланың аймақтарын көріктендіру мен көгалдандыруда белсене қатысады.
СҚО «Политехник» студенттер құрылыс отрядының орындаған жұмыстарының нәтижелері
№ | Факультет | Жазғы еңбек семестрі | |
Жасыл ел | СҚО «Политехник» | ||
1 | Архитектуралық-құрылыс институты | 18 | 75 |
2 | Тау-кен институты | — | 20 |
3 | Машина жасау институты | 3 | 20 |
4 | Көлік-жол институты | 12 | 38 |
5 | Ақпарат технологияларының институты | — | 8 |
6 | Энергетика, телекоммуникациялар және автоматтандыру институты | — | 15 |
7 | Экономика және бизнес институты | — | 2 |
8 | Әскери-техникалық институты | — | 2 |
9 | Технологиялық колледж | — | 16 |
Жоғары оқу орындары бойынша барлығы | 229 жауынгер |
Студенттер ЖШС «Строй-сервис», ЖШС «Парасат-сервис», ЖШС «Аспап», ЖШС «Бизнес-строй» үйлерінің құрылысы мен жөндеуінде, АҚ «Караганда-Жолдары», «Казавтодор», ЖШС «Дорстрой» республикалық, областық, жергілікті маңызы бар жолдардың құрылысы мен жөндеуінде жұмыс істеді. Облыс бойынша құрылыста жұмыс істеген студенттердің оррташа айлық жалақысы 30 мыңнан 50 мың теңгеге дейін болды. 8 адам санында СҚО жауынгерлері «БатысЕвропа – Батыс Қытай» жолында жазғы еңбек семестрі (2,5 ай) үшін 176 мың 446 теңге мөлшерінде жалақы алды. Атырауда «Тенгиз-220 В» 16 адам санында оқытушы Ким Ю.Д. басшылығымен Технологиялық колледждің студенттері 100 мың теңгеден астам еңбекақы алды. Жазғы еңбек сесестрі және СҚО -2010-дағы жұмыс аяқталған соң штаб және ҚарМТУ жауынгерлері СҚО Областық және Республикалық Штабтар атынан мадақтау қағазы мен дипломдармен марапатталды, МФ-08-2 тобының студенті Абдраманов Дастан «2010 жылының облыс бойынша ең жақсы жауынгер», БЖД-10-2 тобының студенті Мақсым Айдана «Облыс бойынша Жасыл елдің ең жақсы бригадирі» болып танылды. 2010 ж. қазанның 28-30 күндері Көкшетау қаласында Қазақстандағы СҚО-ның «10-жылдық қызметіне арналған Құрылыс студенттер жасағының Республикалық слеті болды
Көп студенттердің естерінде құрылыс жасақтардағы жұмыс көпке дейін сақталады, себебі бұл тек қана ауыр еңбек қана емес, сонымен қатар достық, ұжым ұйымшылдығы, өзара көмек, тәртіптілік. Архитектуралық-құрылыс институттың студенті Котт Сергей СҚО-да жұмыс кезінде өлең шығарып, Комисаренко М.Н. СҚО Штаб командиріне арнады.
ССО — Политех
СҚО -Политех
2012 ж. СҚО жұмыс мезгілінің салтанатты ашылуы
2012 ж. мамырдың 17 күні Қарағанды қаласында Орталық саябақта
СҚО «Ауылдың таң атуы, Қазақстанның таң атуы» атты жұмыс мезгілінің салтанатты ашылуы болды. Мерекелік шараға Технологиялық колледждің 250 студенттері, 2011 жылы Сочи қаласында Олимпиялық объектілердің салуына қатысқан 20 студенттер қатысты. Олимпиялық объектілердің салуына үлес қосқаны үшін мадақтау қағазы мен 2012 жылдың жазғы мезгіліне жұмыс істеуге жолдама берілді. Салтанатты митингтен кейін мерекелік шаралар Женіс саябағында жалғастырылып, Оңтүстік-шығыстағы Мұз сарайы мен теннис кортына экскурсиямен аяқталды.
2012 жаз мезгіліне ҚарМТУ-ға әлеуетті жұмыс берушілердің тізімі
№ |
Ұйымның аты |
Объект |
Жұмыс түрлері |
Жұмыс орын саны |
Айлық жалақы |
1 |
ЖШС«Парасат Сервис» |
Қарағанды |
Монтаж, демонтаж и др. |
25 |
30 000-50 000 |
2 |
ӨК «Аспап» |
Қарағанды |
Жөндеу-құрылыс, кеспе тас қалау, Бесова ауданында іргетасын нығайту |
100 |
Орташа 50 000 |
3 |
ЖШС «Ютекс» |
Оңтүстік-шығыста тұрғын комплексін салу (Қарағанды, Шахтерлер алаңы 36) |
Құрылыс |
25 |
30 000 – 50 000 |
4 |
ЖШС «Ютекс» |
Ермеков көшесінде тұрғын комплексін салу (5-ші блок) |
Құрылыс |
25 |
30 000 – 50 000 |
5 | ЖШС «Ютекс» | Каскад алаңы | Көріктендіру | 25 |
30 000 – 50 000 |
6 |
ЖШС «Ютекс» |
Қарағанды қаласының орталық мешітінің аймағы (ҚР Тәуелсіздіктің 10 –жылдығы саябағы) |
Көріктендіру |
25 |
30 000 – 50 000 |
7 |
ЖШС «Агропромстрой» |
Қарағанды қаласындағы объектілер |
Жабын, қалау |
15 |
30 000 – 50 000 |
8 |
ЖШС «Құлагер» құрылыс компаниясы |
ҚР Тұнғыш президент атындағы Интеллектуалдық мектептің салуы (Қарағанды, Оңтүстік-шығыс) |
Құрылыс (тас қалаушы және т.б.) |
30 |
30 000 – 50 000 |
9 |
ЖШС «Қарағанды Жарық» |
ЖШС «Қарағанды Жарық» құрылыс бөлімшелерінде жұмыс (подстанциялар) |
Электр қуаты |
Саны кейін белгілі болады |
|
10 |
ЖШС «Каздорстройтех» |
Қарағанды қаласындағы объектілер |
Жөндеу-құрылыс жұмыстары |
25 |
30 000 – 50 000 |
11 |
ЖШС «Караганды құрылыс» |
Қарағанды қаласындағы объектілер |
Жөндеу-құрылыс жұмыстары |
50 |
30 000 – 50 000 |
12 |
ЖШС «Жолдар жөндеудің ББЖ» |
Қарағанды қаласындағы объектілер |
Жол жұмыстары |
10 |
30 000 – 50 000 |
13 |
АҚ «НК «ҚТЖ» – «Темір жол транспортының қызметкерлердің дамуы мен бағалау орталығы» |
Сочи |
Құрылыс жұмыстары |
20 |
Сочи қаласынан «Политехник» СҚО оралды
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Студенттік құрылыс отрядтарының жұмысын қайтадан жандандыру керектігін ескерткен болатын, осы орайда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттерінен жасақталған «Политехник» студенттік құрылыс отряды республикадағы алғашқылардың бірі болып құрылған құрылыс отрядтарының бірі. Өскелең ұрпақты еңбекпен баулып, тәрбие беруде Студенттік құрылыс отрядының алар орны ерекше. «Политехник» СҚО-ның құрылған күнінен бастап республика көлемінде стратегиялық маңызы бар мемлекеттік, жеке меншік нысандарды салуда, күрделі жөндеу жұмыстарын жасауда үлкен жұмыс атқарылды. Сонымен қатар, «Политехник» СҚО — Қазақстан атынан осымен екінші жыл қатарынан Сочи қаласындағы Олимпиада нысандарын салуға атсалысып жүрген жалғыз Қазақстандық Студенттік құрылыс отряды. Сол дәстүр бойынша биыл да облыс әкімінің жолдамасын алып, Сочи қаласында жұмыс істеп қайтты. Осыған орай, 2012 жылдың 18-тамыз күні Сочи қаласынан келген «Политехник» СҚО мүшелерін салтанатты түрде қарсы алып, университет әкімшілігімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Қарағанды облысы «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Жетпісбаев Н.А., облыстық студенттік құрылыс отрядының төрағасы Сармурзин Е.Ж. және ҚарМТУ «Политехник» СҚО командирі Комиссаренко М.Н. қатысты.