2022 жылдың 13-20 маусымы аралығында Үндістанда пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтеді. Оның қатысушылары арасында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті Вадим Свешников (ITM-21-2) бар.
Вадим 18 жаста. Ол пауэрлифтингпен университет студенті болғаннан кейін ғана айналыса бастады. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы Қожахметов С.Б. оны осы спорт түрімен баурап алды. Вадим оның басшылығымен аз ғана уақыттың ішінде өзінің асқан ыждағаттылығымен, табандылығымен және табиғи талантымен Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындай алды.
Вадим пауэрлифтингтен түрлі турнирлерде бірнеше жеңіске жетті. Ол қазір Қазақстан чемпионы. Енді біз Азияның ең мықты спортшыларымен күшімізді сынауымыз керек.
Жарыстың бұл түріндегі ең салмақты бәсекелестер жапондықтар, тайваньдықтар және турнир қожайындарының өздері – Үндістанның спортшылары. Бұл кәсіби негізде жоғары дайындықтан өткен және тәжірибелі пауэрлифтерлер. Сондықтан күрес оңай болмайды. Бірақ Вадимнің өзі де, бапкері де жеңістен үмітті. Қалай болғанда да, оларда жоғары нәтиже күтуге толық негіз бар.
Оларға сәттілік тілейміз!