Мини-футбол бойынша жарыс


9-22 ақпан аралығында ҚарМТУ спорт кешенінде мини-футбол бойынша Инновациялық технологиялар колледжінің студенттері арасында жарыс өткізілді.

6 команда спортшылары арасында өткен жарыста ЖЕҢІС үшін әрбір ойын өте тартысты және қызықты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орын КОПЖТ-11/18-1 тобынан құралған командаға берілді, 2-орын К-9/18-1 тобының командасына берілсе, 3-орынды КАУ-9/17-2 тобының командасы иеленді.

Сондай-ақ, жарыстың нәтижесі бойынша жоғары санатта жақсы ойын көрсеткен КАУ-9/17-2 тобының студенті Столлер Данил — үздік қақпашы, және К-9/18-1 тобының студенті Тұрсынов Рамазан — үздік бомбардиршы грамоталарымен марапатталды.

Колледж әкімшілігі ойынға қатысқан жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта жеңіс пен табыс тілейді.

 

 

Без рубрики