Новосибирск мемлекеттік сәулет және құрылыс университетімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2019 жылдың 18-23 қараша аралығында ҚазКҚДИ институтында және «Құрылыс материалдары және технологиялар» кафедрасында Академик, Темірбетон конструкциялары кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы В.М.Митасов 6D072900 «Құрылыс» мамандығының докторанттары мен ҚазКҚДИ институтының ғылыми қызметкерлеріне ғылыми кеңестер өткізді.
ҚМжТ кафедрасының докторанттарымен және ҚазКҚДИ институтының зерттеушілерімен кездесу
ҚМжТ және Механика кафедрасының оқытушылар құрамымен Митасов В.М. кездесуі
ҚазКҚДИ институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясының кеңесшісі Ж.С. Нугужиновпен және ҚазКҚДИ институтының ғылыми қызметкерлерімен темірбетон конструкцияларын есептеудің энергетикалық әдісі саласындағы ғылыми бағытты талқылау