«Шетел тілдері» кафедрасы халықаралық практикалық конференция өткізбекші 22 қараша 2017 жылы


Конференцияға техникалық ғылым ғылым саласында зерттеулер жүргізіп жүрген жас ғалымдар мен инженерлер, магистранттар мен докторанттар шақырылады. Конференция мақсаты: жас ғалымдардың халықаралық байланысын дамыту, кәсіби бағытталған тілін меңгеру деңгейін көтеру, жас мамандардың тілдік кедергілерді жоюына ықпал ету, тіл білуге қажетті білімді меңгеру, сонымен бірге тілді меңгеру кезінде туындаған мәселелерді шешу, тәжірибе алмасу, ғылыми инновациялар және кәсіпкерлік саласында практикалық тәжірибе алмасу.

Заманауи технологиялар сонымен бірге жобалау мәселелеріне, жаңа технологияларды практика жүзінде қолдану мен құрастыру саласындағы ғылым мен инженерия бағытына көп көңіл бөлінуде. Аталмыш конференция жас ғалымдар үшін ғылым, инжиниринг пен кәсіпкерлік саласында алынған эксперименттік көрсеткіштер мен қорытындылар нәтижесін жариялайтын алаң болмақшы. Сонымен бірге әлемдік тәжірибе, аралас мәселелер мен жаңа ұсыныстар және дамудың алғы шарттары талқыланатын болады. Магистранттар мен докторанттарға ағылшын тілді ақпарат көздерінен алынған мәліметтер мен зерттеулерді талдау ұсынылады. Конференцияның жұмыс тілі – ағылшын тілі.

Конференция барысында техникалық және экономикалық ғылымдар саласында кең танымал болған шетел ғалымдары мен профессорлары қатысады: DanielChurchill, PhD, Professor, Гонконг Университеті және ConstanceDeVereaux, PhD,  Колорадо Штатыны Университеті, АҚШтан келген практик- мамандар: BenTaylor, MA, Гумбольдт ат.мемлекеттік университеті және JordanBakke, BA,  Теннесси штаты Университеті, Ноксвилл.

Тіркеу кезінде конференция қатысушыларына техникалық ғылымдар бойынша ағылшын тілін оқытуға бағытталған заманауи материалдарды шығаратын шетелдік әлемге әйгілі баспахалармен (Macmillan, StudyInn) танысуға мүмкіндік жасалады.

Конференция барысында «Презентация мазмұнына шығармашылық көзқарас» критериі бойынша бағаланатын үздік презентациялар сайысы орын алмақшы.

Біз магиатранттар мен докторанттарды осындай ауқамды да астарлы іс- шараға қатысуға шақырамыз.

Пікірталастар мен ашық ойлар ғылым мен техниканың әрі қарай дамуына септігін тигізеді деген ойдамыз.

Өткізілу орны мен уақыты

Магистранттар мен докторанттарға арналған Халықаралық практикалық конференция 2017 жылдың 22 қарашасында өткізіледі. Өткізілу орны – Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан білім, ғылым мен мәдениетін дамытуға зор үлес қосып жүрген  Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 1 оқу корпусы.

Тақырыптықтізім

Ғылыми тіл білімі саласындағы ғылыми инновациялар мен кәсіпкерлік ісі:

  1. Биоматериалдар және биотехнологиялар
  2. Химиялық  инженерия
  3. Құрылыс
  4. Ақпараттық жүйелер
  5. Электрэнергетикасы
  6. Энергетика
  7. Жобалау және құрастыру
  8. Құрал- жабдықтар жасау
  9. Өнеркәсіптік  инженерия
  10. Кәсіпорындық  инженерия
  11. Материал тану
  12. Машина жасау
  13. Тау – кен өнеркәсібі
  14. Телекоммуникациялар
  15. Көлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру
  16. Құқықтану және заң
  17. Қаржыландыру және несие беру
  18. Мемлекеттік және жергілікті басқару
  19. Экономика
  20. Медицина және  фармацевтика

Жұмысты ұсыну (презентация)формасы

Көркемдеп көрсету мысалдарымен (45 минут (практикалыұ бағыттағы презентациялар):Презентация ұсынушы магистрант немесе докторант өзі ұмынатын модельді немесе құрастырылған құрылғыны 35 минут ішінде технологиясын түсіндіре отырып теориялық түсініктеме беруі керек. Сонымен бірге тыңдармандарды да 10 минут бойы әңгімеге тарта алуы қажет. Үлестірме материалдар қолданылуы талап етіледі. Аудио материалдар қолданылса нұр үстіне нұр..

Пікір алмасу тобы(45 минут):дөңгелек үстел форматында әріптестермен маңызды мәселені талқылау. Талқылау көшбасшылары берілген мәселе бойынша терең білімдері болуы шарт, әрі тыңдармандарды өз мәселелеріне тарта білгендері абзал. Үлестірме материалдары болғаны жөн.

Талдау постері(1 сағат):Талдау постері қатысушылар арасында пікірталас тудыратын, әрі түсіндіруді талап етпейтін жәдігерлерді талқылауға бағытталған. Жәдігерлер постарлерді талқылаудан бір сағат бұрын орнатылып, отырыс аяқталғаннан кейін бір сағат бойы көрсетіледі.Постердің атауы, дайындаған мекеменің атауы, суреттердің қысқаша мазмұны, графикалар, диаграммалар мен кестелерден тұрады. Мұндай конференцияларға бірінші рет қатысып отырған адамдарға өте қызықты болатын жайт ол – тәжірибе алмасуға септігін тигізетін  маңызды интерактивті форум мен қайтарымды байланыс алу мүмкіндігі.

Шеберлік классы(1 сағат):Алдын – ала тыңғылықты дайындалған кәсіби деңгейдегі практикалық сабақ. Өткізуші адам қатысушыларға мәселе шешуге және маңызды модельді құрастыруға немесе зерттеу әдісін талдауға көмектеседі. Үлестірме материалдар мен аудио құралдарының көмегіне жүгінген қатысушыларға алғыс айтамыз.

* Конференция барысында оқытудың интерактивтік әдісі мен ақпараттық технологияларды қолдана отырып ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқытудың маңызды мәселелерін шешу және инжиниринг проблемалары.

** Өз презентацияларын ұсынатын қатысушылардың жұмысын Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ағылшын тілінде сабақ өткізетін техникалық мамандықтар кафедрасының профессорлары модераторлар ретінде бағалайтын болады. Қосалқы модераторлар негізінде шетел тілдері кафедрасының оқытушылары іс барысында жұмыс атқаратын болады.

Аппликациялық формаға қойылар талаптар

Барлық қатысушылар өздерінің аппликациялық формаларын ұйымдастыру комитетіне 2017 жылдың 16 қарашасына дейін тапсырулары керек. Біз олаға қысқаша түсініктемені конференция бағдарламасына енгізбекшіміз, сондықтан әрбір түсініктеме өздеріңіз қатынасатын жұмыстың талаптарына сәйкес нақты да нұсқалы жасалғаны жөн.Қысқаша түсінік ағылшын тілінде бір абзац көлемінде ғылыми тілмен безендіріліп ұсынылуы тиіс.

Комитет мүшелері қысқаша түсініктемені алдын- ала талқылап, қабылдау немесе қабылдамау керектігін ақылдаса отырып шешеді. Сондықтан қатысушылардан жазылған қысқаша түсініктеменің таңдалған тақырыпқа сай болуын тағы да бір рет қарап, көз жеткізулері сұралады.Ұйымдастыру комитеті тақырыптың ашылуына, ойдығ нақтылығына, мәселенің маңыздығына, зерттеулердің дұрыс жүргізілгеніне, аталмыш салада ағылшын тілінде ғылыми- техникалық терминологияның дұрыс қолданылуына көңіл бөледі.

 

Презентация мынадай жағдайда қабылданбайды

  • Презентацияақпараттық хатты жарияланғандай талаптарға сай дайындалмаған;
  • Презентация ұйымдастыру комитетіне уақтылы тапсырылмаған.
  • Бір секцияға тапқырыбы да мазмұны да бірдей презентациянығ өткізілуі.

 

Конференцияға қатысу ақысы

Презентация ұсынушылар — KZT 500

Тыңдармандар    — KZT1000

Тіркеу жарнасы шеберлік кластары мен басқа да іс- шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бедж, конференция бағдарламасы мен өту кестесін алуға, қатысушы/ тыңдарманға берілер сертификат үшін жұмсалады. Тіркеу жарнасы мен аппликациялық форма ұйымдастыру комитетіне 2017 жылдың 16 қарашасына дейін тапсырылуы қажет.

Аппликациялық форманы тапсыру мерзімі

Аппликациялық форманы тапсырудың соңғы мерзімі 2017 жылдың 16 қарашасы. Өз жұмыстарын ұсынатын конференция қатысушыларын құлаққағыс ету 2017 жылдың 20 қарашасына дейін.

Байланыс ақпараты

Өз сұрақтарыңызға жауапты Сіздер ҚарМТУдың(Б. Мира, 56) 1 корпусы, 526б аудиториясы «Шетел тілдері» кафедрасынан  ала аласыздар. Байланыс телефоны 8 (7212) 56-59-32, (1152)немесе конференция ұйымдастырушыларынан аласыздар:

 

Нугуманова Майя Адилхановна, оқытушы

email: conference_kstu_2017@mail.ru телефон: 87023522600

Аппликациялықформа (презентация жасау үшін)

магистранттар және докторанттар арасында

«Ғылыми инновациялар және кәсіпкерлік»

атты Халықаралық практикалық конференциясына қатысу үшін

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., ҚарМТУ, 22 қараша2017 жыл

 

Т.А.Ж.:

Оқу орны:

Жұмыс орны:

Лауазымы:

 Email:

телефон:                                  (жұмыс)                               (үй)

Презентация атауы( 9 сөзден аспау керек):

Презентация формасы(қажетінің астын сызу керек):

  • Көркемдеп көрсету мысалдарымен – 45минут
  • Пікір алмасу тобы– 45 минут
  • Постер-талқылау– 1 сағат
  • Шеберлік -класы1 сағат

Конференция секциялары   (қажетінің астын сызу керек):

  1. Биоматериалдар және биотехнологиялар
  2. Химиялық  инженерия
  3. Құрылыс
  4. Ақпараттық жүйелер
  5. Электрэнергетикасы
  6. Энергетика
  7. Жобалау және құрастыру
  8. Құрал- жабдықтар жасау
  9. Өнеркәсіптік  инженерия
  10. Кәсіпорындық  инженерия
  11. Материал тану
  12. Машина жасау
  13. Тау – кен өнеркәсібі
  14. Телекоммуникациялар
  15. Көлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру
  16. Құқықтану және заң
  17. Қаржыландыру және несие беру
  18. Мемлекеттік және жергілікті басқару
  19. Экономика
  20. Медицина және  фармацевтика

Қысқаша түсініктеме (конференция бағдарламасы үшін  50 сөзден аспау керек):

Құрастырылған модельдің (нұсқаның, технологияның) маңыздылығы (ұйымдастыру комитеті үшін  250 сөзден аспау керек)

Қажетті құрал- жабдықтар (қажетінің астын сызу керек):

Видеопроектор Интерактивтік тақта Ноутбук Магниттік-маркерлік тақта/

маркер

Басқа

 

 Аппликациялық форма(тыңдарман) 

магистранттар және докторанттар арасында

«Ғылыми инновациялар және кәсіпкерлік»

атты Халықаралық практикалық конференциясына қатысу үшін

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., ҚарМТУ, 22 қараша2017 жыл

Т.А.Ж.:

Оқу орны:

Жұмыс орны:

 Лауазымы:

 Email:

телефон:                                  (жұмыс)                               (үй)

 Аппликациялық форманы мына  электрондық мекен- жайға жіберіңіз: conference_kstu_2017@mail.ru

Аппликациялық форманы қабылдаудың соңғы күні2017 жылдың 16 қарашасы

 ЖАРНА ТӨЛЕУ РЕКВИЗИТІ:

РГП на ПХВ КарГТУ МОиН РК

ИИН (БИН): 000240004524

Ақша салу банкі:

АО «Казкоммерцбанк»

ИИК KZ159261101183163005

КОд 16

БИК KZKOKZKX

* ЖАРНА  ТӨЛЕУ МАҚСАТЫ: ШТ КАФЕДРАСЫНДА ӨТЕТІН КОНФЕРЕНЦИЯ деп белгілеу керек

2017 жылдың 22 қарашасында өтетін конференцияға қатысуға шақырамыз!

Без рубрики