Жақында ҚарМТУ-да абитуриенттерді кешенді тестілеу (КТА) өткізілді. Оған 193 абитуриент қатысты. Олардың 123-і өз университетімізге шартты түрде қабылданған тыңдаушылар болып табылады. Нәтижесінде 148 абитуриент осы тестілеуден сәтті өтіп, жақын арада білім ордамыздың студенттері атанбақ.
Биылғы жылғы тестілеу бойынша жасалған саралау қорытындысы қатысушылардың 77% өту ұпайын алғандығын, ал орташа ұпай 60% пайыздан артық көрсеткішті құрағанын көрсетті. Былтырғы жылдың тамыз айында бұл көрсеткіштер едәуір төмен деңгейде болатын: онда өту ұпайы 43% болса, ал орташа ұпай 51% пайызды құраған еді.
Аталған даму тенденциясы бірқатар себептерге байланысты. Біріншіден, бұған ҚарМТУ-да жыл бойы жүргізілетін КТА-ға дайындық курстары оқытушыларының тұшымды еңбегі себеп болса, екіншіден, оларды бірінші семестрден бастап, студенттік өмірге тарту, өз қалауына сай, осы ортада әрі қарай оқуын жалғастыруға деген қызығушылықтарын арттыру өз жемісін берді. Сондай-ақ мұнда еліміздің танымал жоғарғы оқу орны болып табылатын ҚарМТУ-да оқып, білім алу түлек үшін жұмысқа орналасуда үлкен мүмкіндіктер туғызатындығы абитуриенттер үшін жақсы ынталандыру болды.