Ш.А. Жетпісбай, «Серпін-2050» оқу орталығының жетекшісі: «Жастарымыздың техника тілін білуі өте маңызды, техникалық білімсіз «Жаңа Қазақстанды» құру мүмкін емес»


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне студенттерді тарту мақсатында «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» — «Серпін-2050» Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Жетісу және Маңғыстау облыстарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Аталған сапар барысында олар аудандық, ауылдық мектептерге барып, биылғы жылғы түлектерге университетте оқудың артықшылықтары мен «Серпін-2050» бағдарламасы туралы айтып берді.

Іссапар барысында оқытушылар 2700-ден астам оқушымен кездесіп, мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндірді.

Без рубрики