АҚШ тан келген Fulbright Program стипендиаты Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да тілдік біліктілікті арттыру курстарын жүргізеді


2023 жылдың 18 қыркүйегінен бастап Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде, әлемдегі ең танымал және беделді бағдарламалардың бірі — Fulbright Program (АҚШ) стипендиаты Эммет Кашман тілдік біліктілікті арттыру курстарын жүргізе бастады.

Vassar College (Покипси, Нью-Йорк штаты, АҚШ) аса көрнекті түлегі және Fulbright Program бағдарламасының стипендиаты Эммет Кашманның келуі университеттің студенттері мен оқытушыларына халықаралық деңгейдегі тілдік білім алуға мүмкіндік берудегі маңызды кезең болып табылады.

Біздің студенттердің тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған шет тілдері кафедрасының жұмысы аясында Кашман мырза екі түрлі тілдік бағдарламада шешуші рөл атқарады.

Оның біріншісі – шет тілдер кафедрасы базасында біздің студенттерге арналған сөйлесу клубтары. Бұл клубтар студенттер ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіре алатын қолайлы және интерактивті орта жасайды. Қызықты пікірталастар, топтық сабақтар және мәдени құндылықтармен алмасу арқылы қатысушылар ағылшын тілін тиімді қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға сенімділікке ие болады.

Жоспарланған бағдарламалардың екіншісі іскерлік ағылшын тілін үйренуге бағытталған. Кашман мырза шет тілдері кафедрасы өткізетін «Ғылыми-техникалық аударма» курсы аясында «Business English» іскерлік ағылшын тілі сабақтарын өткізеді. Бұл мамандандырылған сабақтар студенттерді халықаралық бизнесте табысты жұмыс істеуге дайындайды, оларды әлемдік нарықта табысты жұмыс істеу үшін қажетті тілдік дағдылармен және мәдени біліммен қаруландырады.

Эммет Кашманның тәжірибесі студенттерді оқытумен шектелмейді. Оқытушылардың тілді меңгеруінің маңыздылығын түсіне отырып, ол ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы үшін тілдік дағдыларды жетілдіру бойынша сабақтар өткізуге ниетті.

Тіл – әр түрлі тектегі және мәдениеттегі адамдарды байланыстыратын көпір. Жаһандану және әлемдік қауымдастықтың барған сайын тығыз байланысы жағдайында ағылшын және басқа тілдерді білу табысты оқу, мансаптық өсу және ынтымақтастық үшін өте маңызды. Эммет Кошманды және оның тілдік дағдыларды дамыту бағдарламаларын қабылдай отырып, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ өзінің студенттері мен оқытушыларын жаһандану жағдайында табысты жұмыс істеу үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етуге деген ұмтылысын растайды.

Без рубрики