2016 жылдың 14-15 мамырында Үш жүздің басы қосылған Асан Қайғының еріксіз Жерұйықты іздегені, мыстың, мырыштың астанасы болған Жезқазған қаласында Серпіндік Сардарлардың бас қосу құрылтайы өтті. Бұл құрылтай А.Ө Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде ұйымдастырылды. Құрылтай барысында, жастарға арналған жаңа жобаның, яғни «Серпін» Іскер Жастар» қоғамдық бірлестігінің тұсау кесері өткізіледі. Ресми түрде «Серпін» Іскер Жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымы құрылды.
Аталған Құрылтайға «Серпін-2050» жобасы бойынша оқитын ҚарМТУ-дың Көшбасшы-Сардары, Көпейсінов Ерлан қатысты. Ерланның сөзінше, кездесу тренингтен бастау алып, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар қойылды. Келесі күні ҰлыТауда бас қосып, өлкенің маңыздылығы мен тарихи құндылығын біліп, музейге барып рухани байлық алып қайтқан жайлары болды.