«Серпін» Республикалық делегациясы


2017 жылдың 12-қазан күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне «Серпін» Республикалық делегациясы келді. Делегация құрамын Павлодар ауданы жастар орталығының директоры Ғ.Қ. Хафиз және  Павлодар облысында «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін» жобасы аясында білім алып жатқан 30-ға жуық студент құрады, соның ішінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Ақсу қаласы Жаяу Мұса колледжі, Павлодар Бизнес колледжі, Павлодар Көлік және коммуникация колледжі, Павлодар көп салалы Красноармейка аграрлық-техникалық колледжі, Павлодар Химия-механикалық колледжі, Павлодар Технологиялық колледжі.

Сапардың негізгі мақсаты – мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, Республиканың барлық облыстарының «Серпін» бағдарламасы қатысушыларын біріктіру.

Кездесу барысында «Серпін» Республикалық делегациясын университетіміздің Инновациялық жобалар көрмесімен, Талантты түлектер плеядасымен, ҚР Президенті Н.А. Назарбаев атындағы музейімен таныстырды.

Іс-сапар соңында ҚарМТУ-дың бас ғимаратындағы 337 аудиториясында университетімізде білім алып жатқан «Серпін» студенттерімен жүздесті. Кездесу барысында студенттер бір-бірімен танысып, ой бөлісіп,  еркін түрде әңгіме — дүкен құрып, екі өңір арасында байланыс орнатуға бір-бірімен идея алмасты. Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасын бір ауыздан қолдап, өздерін құшақ жая қарсалған ҚарМТУ ұжымына және студенттерге алғысын білдірді.

Без рубрики