«СЕРПІН-2050» ЖӘНЕ 15 СҰРАҚ
- «Серпін-2050» жобасына қатысу үшін ҰБТ немесе КТ (кешенді тестілеу)-ге қатысу міндет пе? Иә, ЖОО үшін бұл тестлеулерге қатысасыз. Ал, колледждер үшін таңдаған оқу орыныңыздың емтихандарына қатысасыз.
- «Серпін-2050» жобасында қандай мамандықтарға басымдық берілді? Техникалық, кәсіптік және педагогикалық мамандықтар
- «Серпін-2050» жобасына қай өңірдің жастары қатыса алады? Жобаға Маңғыстау, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының жастары қатысады.
- Грант иелерін қабылдаушы өңірлер қай облыстар? Қабылдау өңірлер Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстары.
- Грант иегерлері жатақханамен қамтамасыз етіле ме? Иә. «Серпін-2050» жобасының грантын иеленгендер жатақханамен толық қамтамасыз етіледі.
- Грант иелеріне шәкіртақы төлене ме? Иә. Бірақ, оқу үлгерімі нашарласа шәкіртақы берілу тоқтатылады. Сондықтан, «серпіндіктер» оқуда озат болуы тиіс.
- Грант иелері оқу бітірген соң оларға жұмыс дайын дегені рас па? Жоба бойынша жас мамандарды жұмыспен қамтудың барлық жолдары қарастырылған. Жұмыс берушілермен оқу барысында тығыз қарым-қатынас орнатылады. Тұрақты жұмыс табу мүмкіндігі бар.
- Оқу бітірген соң сол өңірде қалу шарт па және неше жыл жұмыспен өтеледі? Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қарашадағы №926 қаулысының 4-тармағына сәйкес, айқындалған өңірлерде кемінде екі жыл жұмыспен өтейді. 2022 жылы 11 облыс болған, 2024 жылдан бастап 8 өңір. Жұмыспен өтеу үшін өңірлер: Ақмола, Қарағанды, Абай, Ұлытау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
- Қандай студенттер жұмысты өтеу міндетінен босатылады? – жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет өткеретін елді мекенде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда; — бірінші және екінші топтағы мүгетектігі бар азаматтар; — магистратураға, доктарантураға одан әрі оқуға түскен, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға түскен азаматтар; — жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ оларды өздері тәрбиелеп отырған азаматтар.
- Әскери кафедра бітірген студенттер келісімшарт негізінде әскер қатарында қызмет ете ала ма? Ия, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қарашадағы №926 қаулысының 4-тармағына сәйкес, айқындалған өңірлерде кемінде екі жыл жұмыспен өтейді. 2022 жылы 11 облыс болған, 2024 жылдан бастап 8 өңір. Жұмыспен өтеу үшін өңірлер: Ақмола, Қарағанды, Абай, Ұлытау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
- Жоба бойынша колледж бітіргендер білімдерін жоғарылата ала ма? Иә, колледжден соң жоғары оқу орындарына түсуге болады. Бірақ, кешенді тестілеуге қатысуға тиіссіз.
- «Аламан» фестивалі деген не? Бұл жобаға қатысушылар арасында өткізілетін жастардың шығармашылық, ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілетін шыңдайтын, түрлі кезеңдерден тұратын іс-шаралар. «Аламан» фестивалі «Серпін» көшбасшыларын таңдауға, жастарды бір-бірімен таныстыруға, табыстыруға бағытталған.
- Жоба бойынша оқып жүрген оқу орынынан өзге оқу орынына ауысу мүмкіндігі бар ма? Жоқ. Өйткені, жоба гранттары белгілі бір оқу орындарына бекітіліп берілген. Оқу орынын ауыстырған жағдайда грантты жоғалтады.
- Студенттерге жол шығындары өтеле ме? Иә, жоба бойынша оқып жатқан студенттердің жол шығындары төленеді. Олар қысқы және жазғы каникул кезінде ауылдарына барып-келуге арналған шығындар.
- «Серпіндіктерге» өзге қандай талаптар қойылады? «Серпіндіктер» оқуда озат болуға, белсенді болуға, тәуекелшіл болуға, Отанын сүюге міндетті. «Серпіндіктердің» салауатты өмір салтын ұстануы құптарлық іс.
Біздің мекен- жайымыз: 100027, Қарағанды, қ. Нұрсұлтан Назарбаев 56
Барлық сұрақтар бойынша телефондар:
Қабылдау комиссиясы:
8 (7212) 56-44-22
8 (7212) 56-17-98