Жас оқытушылары үшін «Сабақты жоспарлау» тақырыбындағы семинар


2018 жылдың 11 қазанында Инновациялық технологиялар колледжінің жас оқытушылары үшін «Сабақты жоспарлау тақырыбында семинар өткізілді». Колледж директоры Н.А.Смағұлова өзінің кіріспе сөзінде: «Колледж студенттерімен жұмыс жасаудағы ең басты мәселе – сабақтың жоспарын құру. Сабақ жоспарын құру кезінде алға қойған мақсат пен міндетті айқындап алуға, сабақ нәтижесіндегі жетістіктерге тоқтала өтуге аса назар аударылады» деп пікірін білдірді. Колледж әдіскері Р.К.Сейсебаева жас мамандардың назарына сабақ жоспарын құруға негіздемелер мен ақпараттар, сабақ жоспарын құруға алгоритмдер  ұсынды.

Без рубрики