«Сауатты болу – бүкіл бір әлемді ашу!» атты лингвистикалық кросс өткізілді


2022 жылдың 24 ақпанында Қарағанды техникалық университетінің базасында орыс тілі және мәдениеті кафедрасы (кафедра меңг. – ф.ғ.к., доцент Оспанова Б.Р.)  «Сауатты болу – бүкіл бір әлемді ашу!» атты лингвистикалық кросс өткізді.

Іс-шараға 80-нен астам студент қатысты

Іс-шараның мақсаты: дарынды жастарды анықтау және қолдау, студенттердің орыс тілін тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру, білім алушылардың лингвистикалық ой-өрісін кеңейту.

Міндеттері:

— білім алушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту үшін жағдай жасау;

— шығармашылық қабілеттері бар білім алушыларды анықтау;

— студенттердің ғылым ретінде лингвистикаға деген қызығушылығын арттыру.

«Сауатты болу – бүкіл әлемді ашу!» атты лингвистикалық кросс мемлекеттік тілде оқытылатын 1-3 курс студенттері арасында өтіп, сауаттылық мәселелеріне назар аударуға және білім алушылардың коммуникация мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.

Лингвистикалық кросстың қатысушыларына грамматика, стилистика, орыс тілінің мәдениеті, сөйлеу этикеті және т.б. бойынша түрлі күрделіліктегі тапсырмалар ұсынылды. Тапсырмалар студенттердің зияткерлік, танымдық қабілеттерін, ой-өрісінің кеңдігін, шығармашылық, ерекше ойлау қабілеттерін анықтауға бағытталған.

Бұл іс-шара адамдар мен қоғам өміріндегі сауатты сөйлеудің маңыздылығын, ауызша және жазбаша әдеби тілдің нормаларын (айтылу, пайдалану, грамматика, екпін, стилистика ережелері) білу қажеттілігін еске салуға арналған.

Без рубрики