Қайырымдылық жасағанда «оң қолыңмен бергенде, сол қолың көрмесін» деген қазақ халқы. Яғни, бір адамның немесе ұжымның іс-әрекеті екінші бір адамға ой салуы мүмкін. Сондай қайырымды іс-шаралардан қалыс қалмайтын университетіміздің ЖКФ-нің ТТжЛЖ мен ҚТжМ кафедралары «Жетімді жебегенге жеті пейіштің есігі ашылады» дегенді ұстанатын ұжымдар. Адам өміріндегі игі істерінің бірі – анасыз қалған балаларға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қарай қадам басады.
Осы екі кафедра ұжымдарының ұйымдастыруымен 2023 жылы 6 қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мектепке жол» атты акциясы бойынша факультетіміздіңТТжЛЖ кафедрасында кафедра хатшысы болып еңбек еткен Кайырбекова Жаннаның артында қалған қос қызына «Жан жылуы» қайырымдылық іс-шарасын өткізуді дәстүрге айналдырған.
Игі ниетте өткізілген шарағабарлық жүрегі жұмсақ, қолы ашық жомарт жандардың бар екеніне тағыда көз жеткіздік. Халқымызда «Аз қайырымдылық жасаудан ұялма, өйткені құр алақан одан да аз» деген даналық сөзі бар, ендеше аз да болса жақсылық жасауға асығайық, ағайын!