Сагитов Алмат Ардаковичтің докторлық диссертациясын қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін Сагитов Алмат Ардаковичтің 6D071200 – «Машина жасау» мамандығы бойынша «Жанасушы тетіктердің беттерін көпжүзді ротациялық өңдеудің құрамалы тәсілін жарату» тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Қорғау тілі: қазақ тілі.

Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасында орындалған.

Ресми рецензенттер:

  1. Мусина Жанара Керейовна – т.ғ.к, қауымдастырылған профессор, «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы;
  2. Байгереев Самат Ракимгалиевич — PhD, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ халықаралық инженерия мектебі деканының орынбасары, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Шеров Карибек Тагаевич — т.ғ.д., «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының профессоры, Астана қ., Қазақстан Республикасы;
  2. Насад Татьяна Геннадиевна – т.ғ.д., профессор, Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті, «Машинажасау технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, Саратов қ., Ресей.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Бембенек Михал – PhD, AGH Ғылыми-техникалық университетінің механикалық инженерия және робототехника факультетінің «Өндірістік жүйелер» кафедрасының профессоры, Краков қ., Польша;
  2. Абишев Кайратолла Кайроллинович – т.ғ.к., «Торайғыров университеті» КеАҚ, инженерия факультетінің деканы, «Көліктік техника және логистика» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы;
  3. Қасенов Асылбек Жумабекович — т.ғ.к., «Торайғыров университеті» КеАҚ, «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы;
  4. Ногаев Кайрош Абилович – т.ғ.к., доцент, «Қарағанды индустриалды университеті» КеАҚ, «Технологиялық машина және көлік» кафедрасының меңгерушісі, Теміртау қ., Қазақстан Республикасы;
  5. Смаилова Гульбаршын Абылкасымовна — т.ғ.к., Satbayev University, Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институтының «Машина жасау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Қорғау өтеді: 2023 жылғы 27 желтоқсанда сағат 11.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-да 8D07101 «Машина жасау», 8D07102 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар», 6D071200 «Машина жасау» және 6D071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесте, мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 56, бас корпус, 346 дәрісхана. Қорғау онлайн режимде Zoom платформасында (ID 938 054 8821, рұқсат коды 1953) өтеді.

Веб-сайттың мекенжайы: www.kstu.kz, Е-mail: almat1990@mail.ru

Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша бейресми пікірлерді одан әрі қорғауға ұсыну үшін диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы Сулеев Бахтияр Данияровичтың электрондық поштасына culeev_bahtiyar@mail.ru жіберу қажет.

 

 

Без рубрики