Saginov Technical University жанындағы Конфуций институты қытай тілінің Дүниежүзілік конгресіне қатысты


Қытай тілінде халықаралық білім берудің сапалы және инновациялық дамуына, Қытай мен басқа елдер арасындағы тіл алмасу мен ынтымақтастыққа ықпал ету, сондай-ақ қытай халқы мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайту мақсатында Бейжің Ұлттық конгресс-орталығында қытай тілінің Дүниежүзілік конгресі өтті.

Оны ҚХР Білім министрлігі, Қытай халықаралық білім қоры (CIEF), Қытай Сыртқы істер министрлігінің Тілдік білім беру және ынтымақтастық орталығы және қытай тілін оқытудың Халықаралық қоғамы ұйымдастырды. Конгреске әлемнің бес континентінен делегаттар қатысты.

Іс-шара алаңында бес континенттен Конфуций институттары мен Кластарының өкілдері кездесті. «Конфуций институтының мұрасы және дамуы — 20 жыл, Конфуций Институты кемелденген кезінде тұр» тақырыбында тақырыптық семинардың спикері ретінде CIEF төрағасы Ян Вэй қатысты.

Дүниежүзілік конгреске Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің делегациясы құрамында Басқарма төрағасы — Ректор Сауле Сагинтаева, Конфуций Институтының директоры Татьяна Филиппова, директордың орынбасары Чжоу Юаньци қатысты.

Конференция аясында біздің университет өкілдерінің Shihezi University серіктес ЖОО-мен кездесуі өтті. Ректор Ли Чжаоминмен Конфуций институтын дамыту жоспарлары, оның ішінде қос дипломды бағдарламаларды іске асыру және бірлескен ғылыми зертханалар құру мәселелері талқыланды.

Қытай университеттері қатысқан білім беру көрмесі Конгресс қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.

Конфуций институттары және тұтастай алғанда, басқа халықтардың тілі мен дәстүрлерін зерттеу бәрімізге бір-бірімізді жақсы түсінуге мүмкіндік береді, халықтар арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеді.

Без рубрики