Жаңа жыл қарсаңында өткен Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Ғылыми кеңесінде республикалық конкурстардың жеңімпаздары мен номинанттары марапатталды.
***
Ұлттық тіл моделін әзірлеуге және мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталды:
- Айжан Амиргалина – «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушысы;
- Айнур Жантуганова – Үздіксіз білім беру институтының аудармашысы;
- Сәния Қантбекова – Үздіксіз білім беру институтының аудармашысы.
***
Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша алты оқытушымыз «2024 жылдың үздік оқытушысы» құрметті атағына ие болды:
- Али Мехтиев – Член Правления — – ғылым және инновациялар жөніндегі проректор;
- Владимир Демин – «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының профессоры;
- Валерий Калытка – «Энергетикалық жүйелер» кафедрасы профессорының м. а.;
- Галия Рахимова – «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының доценті;
- Айман Копобаева – «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының доценті;
- Сания Аринова – «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының аға оқытушысы.
***
Сондай-ақ, «500 ғалым» бағдарламасы аясында республикалық ғылыми тағылымдама конкурсының қорытындысы шығарылды. Екі оқытушымыз іріктеуден сәтті өтіп, Гумбольдт университетінде (Германия) ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды:
- Айжан Амиргалина – «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушысы;
- Бекжан Исаков – осы кафедраның оқытушысы.
***
Бұған дейін республиканың Huawei академияларын марапаттау және қорытындылау бойынша салтанатты рәсім өткізілгенін атап өткен жөн. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жанындағы Nuawei академиясы сертификат алып, Huawei компаниясы жыл басында айқындаған жылдық жоспарды табысты орындағаны және белсенді білім алушыларды көп қамтығаны үшін «ВеstРеrfоmеdАсаdеmу» номинациясы бойынша үздік Академиялар тізіміне енді. Тиісті сертификат ЖБТ кафедрасының меңгерушісі Нұрбол Қалиасқаровқа табысталды.
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН ЖЕТІСТІКТЕРІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ОЛАРҒА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЖАҢА ЖЕҢІСТЕР ТІЛЕЙМІЗ!