Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ұжымы ауқымды су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға бір күндік жалақысын аудару туралы бастама көтерді.
Қызметкерлерден жиналған ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 4 миллион теңгені құрады. Тағы бір миллион теңгені су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қорына т.ғ. д., «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры, академик Сантай Сүлейменұлы Жетесов аударды.
Сонымен қатар, оқытушылар мен студенттер көмек жинау бойынша қайырымдылық акцияларына қатысып, су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау штабтарына азық-түлік, гигиена құралдарын, қажетті заттарды әкелуде.
Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың ерікті студенттері алғашқы күндерінен бастап еріктілер штабтарында жұмыс істейді. Олар қажетті өнімдерді сұрыптауға, жүк көліктерін тиеуге, тауарларды түсіруге көмектерін көрсетіп келеді.
Университет қызметкерлерінің, оқытушыларының және білім алушыларының ұжымы — еліміздегі ең ірі табиғи апаттардың бірі су тасқынының зардаптарынан зардап шеккендердің барлығына шын жүректен жанашырлық танытады.
Қазір бұрынғыдан да күшімізді біріктіріп, біздің қолдауымызға мұқтаж адамдарға көмектесу маңызды. Тек бірлескен күш-жігермен біз осы қиын кезеңді еңсеріп, табиғи апаттың салдарын жоя аламыз. Біз сіздермен біргеміз, отандастарымыз!