Saginov Technical University студенттер мен магистранттардың қатысуымен жолаушылар автобусының прототипін жасау жобасын талқылады


20 қаңтарда Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ басшылығы: Басқарма мүшелері – Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор — А. Мехтиев пен Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор — Т. Қанапиянов, аппарат басшысы А.Исағұловтың, және де жекелеген кафедра меңгерушілері мен декандардың, докторанттардың қатысуымен Корпоративтік университет басшысы А.Айтбаевпен кездесу өтті.

Кездесу барысында талқыланған негізгі мәселе — Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенттері мен магистранттарының қатысуымен QazTehna базасында жеке жолаушылар автобусының прототипін жасау. Сондай-ақ Инновациялық технологиялар колледжінің оқушылары. Олар Қытайдың Yutong компаниясымен стратегиялық серіктестіктің бір бөлігі ретінде, яғни жолаушылар автобусының бөлшектерін қаптау мен құюға арналған материалдарды іріктеуден бастап толық құрыстарған дейін прототипті жасайтын команданың негізін құруы тиіс.

Корпоративтік университеттің басшысы Айдос Сәдуақасұлының айтуынша, олар бір оқпен екі қоянды атып, яғни отандық автобус прототипін жасау кезінде екінші және үшінші курс студенттері теориялық біліммен  қоса, қажетті өндірістік тәжірибеден де өтеді. Осылайша олар белгілі бір тапсырмалардың қарапайым орындаушылары ретінде емес, прототиптің нақты жасаушылары ретінде әрекет етеді. Рас, бәрі бір қарағанда қарапайым және оңай көрінбеуі мүмкін. Алайда ағымдағы жылдың соңына қарай жолаушылар автобусының прототипін жасаудың есептелген және негізделген жоспарын ұсыну үшін үлкен және күрделі жұмыс күтіп тұр. Одан кейін құрастыру, тестілеу және жұмыста толық аяқтау бар.

Университеттен жоба бойынша жұмыс істеу үшін қабылданған топты оқудан босатуды талап етіледі. Өйткені, университет қабырғасында емес, пайдалану цехы жағдайында, яғни өндірісте оқуға тура келеді.

Ғылым және инновациялар жөніндегі Проректор А.Мехтиев пен аппарат басшысы А. Исағұлов жүктеліп отырған қызықты жобада университет жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті. Олар бұл жұмысқа өз білімдері мен идеяларына көмектесе алатын докторанттарды тартуды ұсынды.

Бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді шешкен соң, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ басшылығы мен өкілдері А.Айтбаевтың кәсіпорынның мүмкіндіктері және техникалық жабдықталуымен танысу мақсатында алдағы жұмада «QazTehna» ЖШС-не бару туралы ұсынысын қолдады. Бұл кездесуге қатысушыларға ұсынылған Қазақстанда жолаушылар автобустары мен электр автобустарын, карьерлік, құрылыс және жол техникасын өндірудің заманауи, жоғары технологиялық, экологиялық таза және халықаралық сапа стандарттарына жауап беретін өндірісі туралы презентацияға қоымша болмақ.

Алайда, «жүз рет естігеннен гөрі бір рет көрген жақсы» — деген сөз бар емес пе?. Олай босла кәсіпорында кездескенше!

Без рубрики