19-21 желтоқсан аралығында Мәскеуде джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Оған Қазақстан құрамасында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті Жігер Алматай да қатысты.
Жігер 80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Осы салмақ дәрежесінде барлығы 16 спортшы бақ сынасты. Жігер 10 жекпе-жек өткізді. Соның ішінде 10-ында жеңіске жетіп, Әлем чемпионы атанды!
Бұл Жігердің спорттық мансабындағы ең үлкен турнир болды. Бұл сәтті дебют көңілден шықты. Өйткені, чемпион атағы Жігерге сұсты қарсыластармен жекпе-жекте берілді.
Жігерді жеңісімен құттықтаймыз! Оған оқуда және спортта одан әрі табыс тілейміз!