Saginov Technical University студенті эссе байқауында жеңімпаз атанды


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-на қарасты Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушыларының қауымдастығы теміржол мамандықтары бойынша білім алатын студенттер арасында саланың өзекті мәселелерін жан-жақты зерттеу мақсатында эссе — конкурс ұйымдастырды.  Байқауға республика бойынша 34 студент қатысты, олардың қатарында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Профессор А.Н. Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік» кафедрасынан 4-курс студенті Индира Бекмағамбет пен 2-курс студенті Фариза Қуан бар.

Конкурс нәтижесі бойынша Индира Бекмағамбеттің «Теміржол көлігінің болашағына және оның қоғамда тұрақты дамудағы рөлі» атты жұмысы жоғары бағаға ие болып, жеңімпаз атанды. Оның еңбегі теміржол саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерін терең зерттеп, саланың даму стратегияларын жан-жақты талданғандығымен ерекшеленді.

27- қаңтар күні, «Профессор А.Н. Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік» кафедрасында салтанатты құттықтау шарасы өтті. Байқау жеңімпазын Астана қаласынан арнайы келген қонақ, «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-на қарасты Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушыларының қауымдастығының бас инженері Саид Әлімбаев құттықтап, диплом және 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлықпен марапаттады.

«Профессор А.Н. Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік» кафедрасының меңгерушісі Бахтияр Асқаров жеңімпазды құттықтап, биік белестерді бағындыруға тілектестігін білдірді. Студенттердің креативті ойлануына, теміржол тасымалының негізгі мәселелерін зерттеп –зерделеуге, болашақ мамандардың шыңдалуына мүмкіндік жасап, байқау ұйымдастырған «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-на қарасты Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушыларының қауымдастығы ның басшылығына алғысын білдіріп, кафедра атынан сый-сияпаттарын табыстады. «Бұл жеңіс – ҚарТУ студенттерінің жоғары кәсіби дайындығы мен білім деңгейінің көрсеткіші және оқытушылардың бағыттауының жемісі», — деп атап өтіп, ризашылығын білдірді.

Без рубрики