Saginov Technical University делегациясы Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының делегациясы құрамында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшылығымен 22-25 қаңтар аралығында Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан BETT (British Educational Training and Technology) көрмесіне қатысуда. Saginov Technical University делегациясының құрамында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Басқарма Төрағасы –Ректор Сауле Сагинтаева және Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Басқарма мүшесі –Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Абай Қалықов бар.
BETT 2025-білім берудегі технологияларға арналған әлемдегі ең үлкен көрме және конференция. Ол білім беру саласындағы мамандардың, оқытушылардың, әкімшілердің, білім беру технологияларын өндірушілердің, стартаптардың және білім берудегі инновациялармен айналысатын басқа ұйымдардың басын қосады.
Көрмеде жұртшылық назарына мектеп, жоғары білім және корпоративтік оқыту шешімдерін қоса алғанда, соңғы білім беру технологиялары ұсынылуда. Қатысушылар білім сапасын жақсартуға, білімнің қолжетімділігін арттыруға және педагогикалық әдістерді жақсартуға көмектесетін ең жаңа өнімдер мен платформаларды көре алады. Аталмыш көрмеде Қазақстанның жоғары оқу орындарының экспозициялары да ұсынылғанын атап өткен жөн.
Сонымен қатар, BETT аясында жасанды интеллект, виртуалды және толықтырылған шынайы технологияларды енгізу, оқу процесін цифрландыру және т.б. сияқты білім берудің өзекті мәселелері бойынша әртүрлі шеберлік сағаттары, презентациялар мен пікірталастар өтеді.
Бұл білім беру технологиялары мен оқытудағы инновацияларды дамытуға қызығушылық танытқандар үшін маңызды оқиға.