Saginov Technical University – ДНК-да инженерлік қуаты бар ЖОО!


ТМД елдері ЖОО ректорлар кеңесінің отырысында Қазан мемлекеттік энергетикалық университеті мен Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ арасында өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылғанын қуана хабарлаймыз

Бұл оқытушылар мен студенттер арасындағы бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулер мен алмасуларды дамытуға бағытталған халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам.

Біздің университеттің ТМД энергетикалық кешені үшін кадрлар даярлауда мықты ұстанымы бар екенін мақтан тұтамыз. Бүгінде Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ – бұл электр энергетикасы мен машина жасау, көлік, IT және тау-кен ісінде ерекше құзыреттерге ие.

ЖОО базасында энергия үнемдеу және тұрақты технологиялар саласында зерттеулер жүргізіледі. Біздің түлектер өңір мен елдің негізгі энергетикалық кәсіпорындарында табысты жұмыс істейді.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ делегациясы жетекші сарапшыларды, ғалымдар мен энергетика саласының өкілдерін біріктіретін «ЭнергоПРОМ–25» Қазан Халықаралық энергетикалық форумына қатысып қайтты. Форумға қатысушыларға университет Басқарма Төрағасы – Ректоры Сәуле Сагинтаеваның «Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ: халықаралық ынтымақтастықты дамыту перспективалары» атты баяндамасы үлкен қызығушылық тудырды.

Осы форумның тағы бір қатысушысы, университеттің «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Елена Нешинаның айтуынша, форум тұтастай алғанда барлығына үлкен әсер қалдырды.

Форум бағдарламасы энергетикадағы заманауи сын-тегеуріндер мен трендтер; инновациялар мен орнықты даму; инженерлік кадрларды даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастық сияқты өзекті тақырыптарды, сондай-ақ сала көшбасшылары мен ТМД ЖОО-ның қатысуымен сөйлеген сөздерін және пікірталастарды қамтыды.

Қол жеткізілген уағдаластықтар барлық өңірлердің мүддесі үшін ауқымды және тиімді жобалар үшін негіз болатындығына сенімдіміз.

Без рубрики