Saginov Technical University делегациясы Chinese University of Hong Kong инженерлік факультетіне барды


Басқарма төрағасы – Ректор, э.ғ.д. С. Сағынтаева, инновациялар жөніндегі ректордың кеңесшісі Александр Дорошенко, Энергетика, автоматика және телекоммуникациялар факультетінің деканы Феликс Булатбаев, Машина жасау факультетінің қауымдастырылған профессоры Медгат Мусаев құрамындағы Saginov Technical University делегациясы Chinese University of Hong Kong (CUHK) инженерлік факультетінде болып қайтты.

CUHK-тен кездесуге: профессорлар Hon Ki Tsang, инженерия факультетінің деканы; Kam-fai Wong, инженерия факультеті деканының орынбасары; Xitao Fan, білім факультетінің деканы; Алан Чеунг, білім беру саясаты және білім беру факультетінің әкімшілігі департаментінің директоры; Fan Sing Hung қатысты.

Кездесу барысында университеттеріміздің бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық және тағылымдама бағдарламаларын іске асыру, инновациялық білім беру технологияларын қолдану мәселелері талқыланды.

CUHK әлемдік рейтингтерде жоғары орынға ие екенін айта кеткен жөн:

QS World University Rankings 2025 нұсқасы бойынша әлемде 36-орында, Times Higher Education World University Rankings 2025 нұсқасы бойынша әлемде 44-орында, Times Higher Education нұсқасы бойынша Азияда 10-орында, US News & World Report нұсқасы бойынша Гонконгта 1-орында.

Профессор Kam-fai Wong Stanford University нұсқасы бойынша ғалымдардың әлемдік рейтингінде (10 миллионның ішінде) үздіктердің 2%-ы (немесе 1500) қатарына кіреді.

Сонымен бірге, ол Гонконгтың Заң шығару кеңесі Legislative Council of Hong Kong (біздің Мәжіліс тәрізді) мүшесі болып табылады. Сондай-ақ ол Гонконгтың Заң шығару кеңесі Legislative Council of Hong Kong (біздің Мәжіліс тәрізді) мүшесі болып табылады. Сондықтан оны ресми түрде The Honourable Prof Kam-fai Wong – құрметті профессор Kam-fai Wong деп атайды, бұл оның қоғамдағы беделінің маңыздылығын көрсетеді.

Hon Prof him Wong Kam-fai шақыруы бойынша біздің делегация Қазақстан Республикасының Гонконгтағы және Макаодағы вице-консулы Ақнұр Жақсыбаймен бірге LegCo-ға барды.

Без рубрики