Saginov Technical University-де түрлендірілген битумды әзірлеу бойынша зертханалық сынақтар өткізілді


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасында түрлендірілген битумды әзірлеуге арналған зертханалық сынақтар өткізілді.

Әріптес химик, «Өрнек НС» ЖШС қызметкері Бахтияр Темірғазиевпен бірге әртүрлі түрлендіргіштердің битум қасиеттеріне әсерін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеудің мақсаты – материалдың беріктік қасиеттерін, температураның өзгеруіне төзімділігін және шыдам мерзімін жақсарту.

Сынақтар барысында: бастапқы битумды дайындау, оның құрамына полимерлер, күкірті бар компоненттер және техникалық көміртегі сияқты әртүрлі түрлендіргіш қоспаларды енгізу; битумның әртүрлі температурадағы түрлендіргіштермен өзара әрекеттесуін зерттеу; алынған үлгілерді деформацияға, созылуға және сыртқы факторлардың әсеріне төзімділігіне бағалау жүргізілді.

Зертханалық сынақтар жол құрылысында қолдану үшін түрлендірілген құрамдарды пайдалану перспективасын көрсетті. Алынған үлгілердің тұтынымдық сипаттамалары жетілдірілген, бұл жол төсемдерінің қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Бұл зерттеулер қайталама шикізат пен инновациялық технологияларды пайдалана отырып, материалдарды әзірлеу саласында жаңа мүмкіншіліктер ашады. Алдағы жоспарларда-жүргізілген жұмыстың нәтижелері егжей-тегжейлі сипатталатын ғылыми мақаланы жариялау.

Битумды түрлендіру – бұл жолдарды берік, қауіпсіз және ұзақ мерзімді ететін ғылым мен технологияның дамуына қосылған үлес.

Без рубрики