Saginov Technical University-де факультеттердің онкүндігі өтті


Наурыз айында Saginov Technical University-де жоспарланған факультеттердің онкүндігін Көлік-жол факультеті ашты. Содан кейін оны қалған алты факультет – Тау-кен, Сәулет-құрылыс, Инженерлік экономика және менеджмент, Энергетика, Автоматика және телекоммуникация, Машина жасау, Инновациялық технологиялар факультеттері жалғастырды.

Факультеттердің онкүндігіне университет студенттері, жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің оқушылары, көптеген өндірістік кәсіпорындардың басшылары мен мамандары, табысты түлектер қатысты. Олар өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, балаларды сапалы білім алуға, жоғары оқу орны ұсынған білім алу мүмкіндіктерін барынша пайдалануға бағыттады. Біздің университет өзінің техникалық жабдықталуы, профессорлық-оқытушылық құрамы бойынша еліміздің үздік жоғары оқу орындарынан кем түспейді және лайықты атаққа ие.

Белгілі бір мамандықтар бойынша бай тәжірибесі бар мамандардан алынған кеңестер мен ұсыныстар студенттер мен оқушылар үшін әрқашан ерекше құндылыққа ие. Ал факультеттер онкүндігінің қонақтары арасында «G-Group» ЖШС сәулет бюросының директоры, Сәулетшілер одағының төрағасы Юрий Герман, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары Айбек Амантаев, «Қазхром» ЖШС – «Қазмарганец»  филиалының логистика бөлімі бастығының орынбасары Жібек Иманбекова, «БанкЦентрКредит» АҚ серіктестік қатынастарды дамыту жөніндегі бас маманы Айдана Есбаева, «Чжан» ЖК директоры Александр Чжан, голландиялық ВанОорд компаниясының гидрографы Төлеген Жұмабеков, «Wooppay» қаржы-техникалық компаниясының бухгалтері Оксана Згардан сияқты беделді басшылар мен мамандар, және тағы басқалар болды.

Өндірістік серіктестермен кездесулер барысында практикалық міндеттер қолыма-қол шешілгенін атап өткен жөн. Осылайша, Сәулет-құрылыс факультетінің студенттері мен оқытушыларымен кездесуде Қарағанды қаласының Сәулетшілер одағының қолдауымен Жас сәулетшілер одағының ашылғаны туралы жарияланды. Ол заманауи технологияларды, тұрақты дамуды және қала құрылысына креативті көзқарасты үйлестіре отырып, сәулеттік шешімдердің жаңа буынын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, мансаптық және жеке өсудің негізгі мәселелері талқыланды. Факультеттер онкүндігіне қатысушылардың бірі, мысалы, Шанхай Достастық ұйымы университетінің қос дипломды оқу бағдарламасының түлегі Аманкелді Ахметов болды, ол бұл бағдарламаның не екенін және оның не беретінін айтты. Жалпы, онкүндік қонақтарын мамандыққа барған жолы туралы тыңдай отырып, олардың барлығы табандылықпен, еңбекқорлықпен, білімдерін үнемі жетілдіруге деген құштарлықпен ерекшеленетінін атап өткен жөн.

Өткізілген онкүндік білім алмасу, серіктестік байланыстар орнату және әртүрлі салалардағы өзекті мәселелер мен шешімдерді талқылау үшін тамаша алаң болды. Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға және білім беру мекемелері мен салалық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.

Без рубрики