20 желтоқсанда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасында дөңгелек үстел өтті. Оған шетелдік қонақ — ISM (Халықаралық маркшейдерлер одағы) вице-президенті, т.ғ.д., Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының профессоры С. Саидкосымов, сондай-ақ көрнекті ғалым, т.ғ.д., Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының профессоры М. Нұрпейісова және т.ғ.д., профессор, Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен институтының зертхана меңгерушісі Н. Жалғасұлы қатысты.
Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дан дөңгелек үстел жұмысына т.ғ.д., профессор Ф. Низаметдинов; т.ғ.д., доцент В. Долгоносов; т.ғ.д., доцент С. Ожигин; т.ғ.к., доцент О. Бесимбаева; т.ғ.к. доцент С. Ожигина; кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Е. Хмырова қатысты.
Дөңгелек үстел жүргізу барысында маркшейдерлік және геодезиялық бейіндегі білікті мамандарды даярлаудың, ғылыми жұмыстың, халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы «Маркшейдерлік іс» бағыты бойынша мамандарды үш деңгейлі даярлауды жүзеге асыратын Қазақстандағы жалғыз кафедра болып табылатыны атап өтілді. Бұл жетістік кафедра ұжымының үйлесімді жұмысының нәтижесі болып табылады. «Маркшейдерлік іс» докторантурасының ашылуы маңызды кезең болды.
Әріптестер өздерінің табыстарымен және жетістіктерімен бөлісті. Олар «Қазақстан Маркшейдерлер одағының» кезекті форумын өткізу бағдарламасын ұсынды, оның негізін қалаушы президент, ҚР ҰЖҒА академигі Ф. Низаметдинов болып табылады.
«Қазақстан маркшейдерлер одағы» халықаралық форумын Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында 2025 жылдың қыркүйегінде өткізу жоспарлануда. «Қазақстан маркшейдерлер одағы» 2011 жылдан бастап үлкен жұмыс жүргізуде. Екі жылда бір рет «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы өндірушілердің, кафедра түлектерінің, алыс және таяу шетел ғалымдарының қатысуымен іс-шаралар өткізеді. Дөңгелек үстелдерде форум өткізу шеңберінде ҚР экономикасы салаларының объектілеріне маркшейдерлік-геодезиялық бақылау жүргізу, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін картографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік қамтамасыз етудің цифрлық технологияларын қолдану аясында мәселелер мен тапсырмалар шешіледі. Жоспарланған форум осы бағыттағы жұмысты жалғастырады және белгіленген жоспарларды іске асырудағы жаңа қадам болады.