«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ STEM-де қыздар мен әйелдер үшін БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) STEM4ALL өңірлік платформасының үйлестірушісі Тифани Спрейг пен БҰҰДБ гендерлік мәселелер жөніндегі маманы Гаухар Нұршаның қатысуымен диалог алаңын ұйымдастырды.
Университеттің Business Skills Park базасында өткен кездесудің модераторы Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Айжан Темербаева болды.
Шақырылған сарапшылар қатысушылардың назарына БҰҰДБ мен ЮНИСЕФ гендерлік теңдік саласындағы прогресті жеделдету және әйелдерді өнеркәсіптің өрлеп келе жатқан салаларына және экономиканы дамытуға табысты тарту мақсатында STEM-ғылымдардағы әйелдер мен қыздардың өкілдігін кеңейту үшін әзірлеген «STEM4ALL» платформасын ұсынды.
«STEM4ALL» платформасы қыз-келіншектерге және әйелдерге жеке және кәсіби идеяларын, мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға көмектесетін дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Жобада тәлімгерлік, бүкіл әлем бойынша сапалы нетворкингті кеңейту, тәжірибе, білім алмасу, сұранысқа ие бағыттар бойынша тренингтер беруде бағдарламаға қатысушылардың тығыз өзара әрекеттестігі көзделген.
Кездесу барысында қатысушылар гендерлік теңдіктің өзекті мәселелерін көтерді, оның ішінде кемсітушілікті анықтау, ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін ағат пікірлілік мәселелерін шешу қажеттілігі. Спикерлер ағат пікірлілік көріністерінің мысалдары мен фактілерін келтіріп, ағат пікірлілік мәдениетін қалыпқа келтіру үшін қажетті шараларды қабылдаудың маңыздылығын түсіндірді. Университет студенттері белсенді қатысып, қызығушылық танытып, сұрақтарына жауап алды.
Кездесу соңында спикерлер қатысушыларға ашық диалог үшін алғыс айтып, Saginov Technical University басшылығымен БҰҰ және БҰҰДБ-мен бірлесіп STEM-де гендерлік саясат жөніндегі жобаны іске асыруда уағдаластыққа қол жеткізді, бұл өз кезегінде университеттің қыздары мен әйелдеріне жаңа мүмкіндіктер береді.