Желтоқсанның екінші онкүндігінде «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының профессорлары – Св.Квон, В.Куликов және аға оқытушы С.Ариновадан құралған Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғалымдарының тобы Ташкент мемлекеттік көлік университетінде болып қайтты.
Іссапардың мақсаты – бағдарлама шеңберінде тәуелсіз зерттеулер жүргізу, ғылыми кеңестер беру және күрделі қоспаланған болаттар саласында біліктілікті арттыру.
Сапар барысында Ташкент мемлекеттік көлік университеті мен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде т.ғ.д., Ташкент мемлекеттік көлік университетінің профессоры Юлбарсхон Мансуровпен және PhD, Навои мемлекеттік тау-кен және технологиялық университетінің (Навои қ.) «Машина жасау технологиясы» кафедрасының доценті Ахмаджон Жумаевпен ғылыми консультациялар өткізілді.
Сапар ғалымдарымыздың үмітін толық ақтап, пайдалы және жемісті болды.