16-21 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан) C5+O.N.E. (opening Networks through English) бағдарламасы бойынша Орталық Азия мен АҚШ-та энергетика және қоршаған орта жөнінде конференция өтті.
C5+O.N.E. конференциясы Қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі өз жұмысын көрсетуге және Орталық Азияның бес елінің қатысушыларымен пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Аталған конференция C5+O.N бағдарламасының қорытындысы бойынша ұйымдастырылды. Бағдарламаның барлық қатысушылары 2024 жылы қоршаған ортаны қорғау және энергия үнемдеу бағыты бойынша тоғыз ай бойы ағылшын тілі курстарынан өткен еді. Бұл курстар білім алушыларға ағылшын тілін кәсіби бағыт – Экология бойынша білімдерін кеңейтуге және өз баяндамаларын ағылшын тілінде ұсынуға мүмкіндік берді. Баяндамалар конкурсының қорытындысы бойынша Бағдарламаға қатысушылар Ташкент қаласында өтетін бес елдің өкілі қатысатын конференцияға барды.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасы (аға оқытушы Е.Цешковская) осы конференцияға пайдалы қазбаларды өндіру кезінде қоршаған ортаны қорғау бағыты бойынша баяндамамен қатысты.
Кездесу барысында экология және табиғат пайдалану саласында жұмыс істейтін басқа да елдердің бағдарламаға қатысушыларымен тәжірибе алмасуы маңызды аспект болды. Әрбір қатысушы жасыл энергетика, мұздықтар мен биоәртүрлілікті сақтау, қалдықтарды қайта өңдеу, су ресурстары мен ландшафттарды сақтау сияқты әртүрлі табиғатты қорғау тақырыптары бойынша ағылшын тілінде өз баяндамасын ұсынды. Конференцияда орын алған тәжірибемен және біліммен алмасу қоршаған ортаны қорғау ісінде тамаша қызмет ететін болады.