Сәрсен Айкумисті қолдауға арналған қайырымдылық концерті


«Aqniet» ЖҚҰ және «Жас Орда» ЖА бастамасы бойынша 12 сәуірде «Жастар әлемі» студенттер сарайының сахнасында жұлын-бұлшық ет атрофиясы диагнозымен ауыратын Сәрсен Айкумисті қолдау мақсатында қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Сахна төрінде өнер көрсеткен өнерпаздарды қолдауға және ауыр науқасы бар қызға көмектескісі келген адамдар толық зал болып жиналды. ПОҚ мен студенттердің ортақ күшімен 350000 теңге қаражат жиналып, Айкумистің ата-анасына берілді.

Без рубрики